Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
21
қыркүйек
2020

Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына байланысты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау жұмысы жалғасын табуда.Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы - руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады. Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау деп түсінген мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сағиева Аружан Абай атамыздың өшпес мұрасы «Көзімнің қарасы өлеңін » үш тілде орындап берді. Аружан сияқты саналы ұрпағымыз көп болғай ...