09
маусым
2020
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
Мектеп бітіру- бұл әрбір түлектің өміріндегі маңызды оқиға. Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға¬сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.2020 жылдың 4- маусым күні Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған соңғы қоңырау мерекесі және аттестатты салтанатты тапсыру жиыны өткізілді.
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туған жеріміздің мәрте¬бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!