09
маусым
2020
Шу қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі"КММ
04.06.1992 жыл Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн күні.
Осыдан тура 28 жыл бұрын, нақты айтқанда 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған еді. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып саналады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Еліміздің мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оңжағы мен солжағында аңыздардағы қанаттыпырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанаттыпырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әнұранның авторлары ретінде – әуенін жазған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің есімі тарихта қалды. Үздік мәтінге жарияланған байқауды Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
2006 жылы «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Тұңғыш Президент, Елбасының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы атаулы мерекеге қарасаңында Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-де оқушыларға сынып сағаттары өткізілді, мемлекеттік нышандардың маңызы, авторлары, шығу тарихы туралы ақпарат берілді.Мемлекттік рәміздерімізге деген құрмет ретінде мектеп ұжымы жұмыс күнін Мемлекеттік Гимн орындаудан бастады. Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі бүгінгі айтулы мерекемен барша жұртты, оқушылар мен ата-аналарды, мектеп ұжымын құттықтайды. Рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі. Аспанымыз әрқашан ашық болсын!