Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
30
қараша
2023

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Шу  қаласы  «Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық мемлкеттік  мекемесінде  тәрбие  жұмысының  жоспарына  сәйкес,    Сәкен  Сейфуллиннің  туылғанына 130 толуына орай,  2023 жылдың 29 қараша  күні мектеп  кітапханашысы  Даулетова Ақзада  Ноғайбекқызы  және  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Керимбекова Назира  Сатанқызы, педгог ұйымдастырушы Ертөсқызы  Айгерімнің ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»    атты  әдеби кеш  өткізілді. Іс-шарада 6 Б, 7 А, 7 Б сынып білім  алушылары ақынның  өлеңдерін жатқа  айтып, 9 Б сынып білім алушылары  көрініс қойып, 5 А, 5 Б сынып білім алушылары «Аққу» биін биледі.  Іс-шара  соңында  мектеп кітапханашысы  «Сәкен  жырдың сарқылмас дариясы» атты кітап  көрмесімен  таныстырды. Белсене  қатысқан білім алушылар мақтау  қағазымен  марапатталды.
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.