Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
14
ақпан
2023

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Шу  қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 14 ақпан күні «Білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының рөлі»  атты алғашқы  әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімдеріне арналған семианар-практикум  өткізілді. Мемлекеттік Ту кіргізу мен Әнұран орындаудан басталған іс-шара, «Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Ауған соғысына қатысып елге оралмаған боздақтардың рухына арнап үнсіздік жарияланып, патриоттық билер мен әндер орындалды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімі лейтенант Сағырбаев Талғат Нұрмаганбетович «Жергілікті жерде картасыз бағдарлау» тақырыбында ашық сабақ өткізіп,әріптестерімен өзара әдіс-тәсілдер   алмасу  жұмысын жүргізді. Семинар соңы «Жас сарбаз » әскери-патриоттық   бірлестігінің  «Азамат» клубының  жеке құрамы   саптық дефиле жаттығуларын жасаумен   аяқтады. Шу аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекбауов Нариман Намазбаевич  семинар соңында іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Ыбырай Алтынсарин атындағы    орта мектебі» КММ-нің мамандарын  мадақтама қағаздарымен марапаттады.