Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 25 - қазан Республика күніне орай "Тәуелсіздік теңдігім ,егемендік-елдігім!"тақырыбында,волейболдан қыздар арасында жарыс өткізілді.Ойынға , Шу қаласының мектептері шақырылды,қыздар жақсы ойын көрсетіп,жүлделі орындарға ие болды. I орын- С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, ІІ орын - Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі,ІІІ орын - Төле би атындағы орта мектебі