Мектепішілік ата-аналар жиналысы 9.09.2016ж
«Бекітемін»
Мектеп директор
______ Г.Б.Сейдахметова
«Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі»
атты мектепішілік ата - аналар жиналысы
9.09.2016 .ж
Күн тәртібінде:
1.«Қауіпсіз мектеп» ,«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық акция және апталығы . Н.Саденова - ДТІЖО
2. «Мектеп және жанұя, балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде тең құқылы әріптестер» . М. Нурбекова – ДҚІЖО
3. «2015-2016 оқу жылында 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беру туралы » Ә.Адалбекова - Ұйымдастырушы педагог
4. «Мектепке жол » республикалық акциясын ұйымдастыру іс шарасы . Г.Қосалиева - Әлеуметтік педагог:
5. «Ата – аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіру, қолдау көрсетуі». Э Таткеева - психолог
6. «2016 - 2017 оқу жылындағы мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы» . Б.Далибаева - кітапханашы
Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де
«Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты
мектепішілік ата – аналар жиналысы туралы
Мәлімет.
2016 жылғы 10 тамыздан -20 қыркүйек аралығында
«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы,«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталығы жарияланды. Осы іс-шараға қатысу үшін мектепте мектепішілік ата – аналар жиналысы 2016 жылдың 9 қыркүйегінде 17.00 – де өткізілді.
Тыңдалды:
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Саденова баяндамасында республикалық акцияның,республикалық апталықтың жұмыс мазмұнымен таныстырды.Осы іс – шараларға байланысты мектеп пен ата – аналардың бірлескен ынтымақтастық жұмыстары талқыланып,әсіресе, мектептің қауіпсіздігі мен отбасы жауапкершілігі түсіндірілді.
2.Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары М.Нурбекова өз сұрағы бойынша ата – аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,ата – анасының тәрбиелеу,оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауына қарай айыппұл төлеу түрлерін т.б.талаптарды ата – аналармен талқылады.
3.Ұйымдастырушы педагог-Ә.Адалбекова өткен оқу жылындағы 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беруде жоспарлы іс шаралардың талапқа сай орындалғаны және 11сыныптың 9 түлегімен, 9 А, Б сыныптарынан 14 оқушының колледжге түскенін айтты.
4.Әлеуметтік педагог - Г.Қосалиева «Мектепке жол» акциясы шеңберіндегі мектептегі жұмыстармен таныстырып,демеушілердің игі істері туралы,акцияның әлі де жалғасатынын және де мұқтаж жандарға көмек қолын көрсетуді сұрады.
5.Мектеп психологы - Э Таткеева бала тәрбиесінде ата – ананың балаға сенімділік білдіруі ,қолдауы, үміт артуы өте маңызды мәселе екені туралы көптеген түсініктер берді. Бала тәрбиесінде ата – аналарға төзімділік қасиеттің жетіспей жататынын да ескертілді.
6.мектеп кітапханашысы - Б.Далибаева ата –аналарды жаңа оқу жылындағы 1-11сынып оқушыларының оқулықтармен қамтылу жұмыстарымен таныстырды. Дегенмен,5 сыныптар оқулықпен 82 0/0 қамтылып отырғаны баса айтылды.
7.«Ата - ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыпта
ата-аналар - Р.Мыңбаева, А.Уркунжаева, А.Атиева, Д.Аитхожина жарыссөзге шығып,сұрақтарына жауап мағлұматтар алды.
8.Мектеп директоры – Г.Б.Сейдахметова жиналысқа қатысып отырған ата - аналарға әрбір отбасының мемлекеттің қорғауында екенін,отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш,құр бекер кетпейтінін, мектеп өміріндегі тәрбиелік іс – шараларға белсене қатысу өз отбасыңыздың болашағына үлес қосу.Балаларыңызға қымбат заттар, ұялы телефондар сатып алмаңыздар, мектепте жоғалтқан жағдайда мектеп әкімшілігі жауапкершілігіне алмайды. – деп жиналысты қорытындылады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Н.Саденова жиналыстың
шешімімен ата-аналарды таныстырып, сол талаптарды орындауды міндеттеді.
Шешімі:
1.Ата – аналар, мектеп ұжымы «Қауіпсіз балалақ шақ» ұранын ұстансын.Мектепішілік іс – шаралар назарға алынсын.
2.Ата –аналар балалардың құқық бұзушылықты және қылмыстық істі болдырмаудың алдын – алу шараларын жүргізсін. Мектеп пен ата –аналар бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Ата – аналарға берілген жаднама, кеңестер назарға алынсын.
3.Балалары мектепте қымбат заттар, бағалы ұялы телефондар ұстамауды ата – аналары қадағаласын,жоғалтқан жағдайда мектеп әкімшілігі жауапкершілігінен алынсын.
4. «Мектепке барар жол» республикалық акциясына ата –аналар тарапынан өз еркімен демеушілік көрсетілсін. Қайырымдылық жұмыстары жыл бойы жүргізілсін.
5.Сынып жетекшілері мен ата – аналар,мектеп психологы бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Мектеп өміріндегі іс – шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстырылсын.
Мектепішілік ата-аналар жиналысын ата-аналар ұжымынан «қанағаттанарлық» деп танылды, қаралған күн тәртібі мәселелеріне тиісті шешім шығарылды,анықтамалар хаттамаға тіркелді.
Мектеп директоры: Г.Б.Сейдахметова