«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесі
Шу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде
«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне
арналған іс - шара туралы
мәлімет
6 наурыз күні 5 -11 сынып ұлдары ұстаз аналар мен қыздарға арнап салтанатты дәліз жасап құрметпен қарсы алды. «Ақ сүтін беріп, аялаған аналар» атты тақырыпта аналар күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, уақытымен жүзеге асырылды. 9 «А», 9 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директорының құттықтау сөзімен ашылып, оқушылардың өлең – шумақтарымен, ән – би өнерімен жалғасты.
1-11 сынып аралығында «Ана – өмір бастауы», «Әйел - отбасының шырағы», «Ана – адамзаттың тірегі», «Ана – адамзаттың ең ардақтысы, ең қымбаттысы, ең сүйкімдісі» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
Даярлық тобының сынып жетекшілері Калыкова Ж.Ж, Жиенбекова Б.Н ұйымдастыруымен аналарына арналған «Әйел - отбасының шырағы» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға қатысқан аналар көңіл – күйлері көтеріліп, жақсы әсер алғандарын жеткізді.