«Жігіт сұлтаны» байқауы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жігіт сұлтаны» байқауы
28
қаңтар
2017

«Жігіт сұлтаны» байқауы

Мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауының

өткізілуі туралы

МӘЛІМЕТ

 

         27 – ші қаңтар күні мектебімізде «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауы өтті.   Байқаудың мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Бұл байқауға 8 – 10 сынып оқушылары қатысты. Байқау Ү – кезеңнен тұрды:

І кезең – «Сәлем – сөздің атасы» (таныстыру)

ІІ кезең – «Талантты болу - тәңірден»

(өз өнерін көрсету: ән, күй, би, мәнерлеп оқу, көрініс және т.б.)

ІІІ кезең – «Ағадан – ақыл, атадан – нақыл»

(мақал – мәтелдің жалғасын табу)

ІV кезең – «Күш білекте» (қол күресі)

V кезең – «Пародия – өнердің бір саласы»

(эстрада жұлдыздарына пародия көрсету)

 

        Барлық жігіттер өз өнерлерін ортаға салды және әділқазылардың қорытындысы бойынша «Жігіт сұлтаны – 2017» байқауының жеңімпазы 8 «Б» сынып оқушысы Мұхатаев Сағи, ІІ орынды 9 «Б» сынып оқушысы Айтуған Әділет,  ІІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Айтимов Берік, ал «Өнерлі жігіт» номинациясымен 10 сынып оқушысы  Дәрібек Дамир, «Көрікті жігіт» номинациясымен 8 «А» сынып оқушысы Сұрамаев Ернат иеленді. Барлық жігіттеріміз алдағы уақытта еліміздің мақтанышы болатын азаматтар болатындарына сенеміз.