" Елі сүйген,елін сүйген Елбасы " атты мерекелік іс - шара » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Елі сүйген,елін сүйген Елбасы " атты мерекелік іс - шара
07
желтоқсан
2016

" Елі сүйген,елін сүйген Елбасы " атты мерекелік іс - шара


  Ыбырай Алтынсарин орта мектебі 2016-2017

оқу жылы  тәрбие жұмысы бойынша

1-желтоқсан Президент күніне арналған

іс-шара жұмысының есебі

 

    Президент күніне орай 6 «б» сынып оқушыларымен «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы » атты мерекелік іс-шара өз дәрежесінде өтілді.Мерекелік іс-шараның мақсаты:Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен, оқып  білім  алған , қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру, Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын , халқын  сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу, шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  ояту,құрметтеу.Біз егеменді елдің ұрпағымыз. Ата-бабамыз аңсап кеткен - бейбітшілік пен тәуелсіздікті алдық. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл  аясында түрлі жетістіктерге жеттік. Ол әрине, Елбасының еңбегі. Ата-бабамыздың арманы орындалды. Біз ынтымағы берік, қаймағы бұзылмаған елде тұрамыз. Ол да Елбасының еңбегі.Тәуелсіздігіміздің  «ЭКСПО» әлем көрмесін де ұтып, ТМД елдерінің қатарына қосылдық, ол да Елбасының еккен ағашының жемісі деп айта аламын.Сонымен қатар, 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы да уақытынан бұрын орындалды. Егеменді елдің Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қазаққа біткен дара тұлға десем артық айтпаған болар едім. Осы іс- шараның  ашылу  салтанаты «Елбасына » арнау  бейне баян көрсетіліп  «Туған  ел»  әні  хормен  орындалды. Өте  жоғары  деңгейде  әдеби  монтаждары  үш  тілде  қамтылды. Даңғыл  Айбектің  орындауында  «Көк  тудың  желбірегені », Еркін  Азизаның «Қазақсаным  алға», Елеу  Мөлдір «Ақ  көгершін», әндері  өте  тартымды  орындалды.  Мұратқызы  Перизаттың  ағылшын  тілінде «Елбасы ел  тірегі» атты  монологы  оқылды. Мың  бұралған  биші  қыздарымыздың  орындауларында «Маленькая  страна», «Мен  қазақпын»билері орындалды.

   Қорытындылай  келе  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры  биік, халқымыздың  еңсесі  жоғары, егемендігіміз  баянды  болсын  дей  келе Хороходжаев  Темірлан «Алға, Қазақстан» әнімен елді  тамсандырды.

                                    

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

                          Сынып  жетекшісі:
Г.Н. Джанибекова