Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектепішілік ата-аналар жиналысы 9.09.2016ж

Автор: admin от 9-09-2016, 12:33, посмотрело: 6374

505

 

                                                                                                                                                                                      «Бекітемін»

                                                                                                   Мектеп директор

                                                                                        ______ Г.Б.Сейдахметова

 

 

                     «Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі»

                                  атты  мектепішілік  ата - аналар  жиналысы                        

                                                                                                                  9.09.2016 .ж     

    Күн тәртібінде:

 

1.«Қауіпсіз мектеп» ,«Отбасы-бақыт мекені»  атты республикалық акция    және  апталығы .  Н.Саденова - ДТІЖО

2. «Мектеп және жанұя, балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде тең құқылы әріптестер» .  М. Нурбекова – ДҚІЖО

3. «2015-2016 оқу жылында 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беру туралы »  Ә.Адалбекова - Ұйымдастырушы педагог

4. «Мектепке жол » республикалық акциясын ұйымдастыру іс шарасы .                              Г.Қосалиева -  Әлеуметтік  педагог:

5. «Ата – аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіру, қолдау      көрсетуі».    Э Таткеева  - психолог

6. «2016 - 2017 оқу жылындағы мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы» .   Б.Далибаева - кітапханашы

 

 

                        Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

                      «Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты

                                  мектепішілік ата – аналар   жиналысы туралы   

                                                    Мәлімет.

  2016 жылғы 10 тамыздан -20 қыркүйек аралығында

   «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы,«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық      апталығы жарияланды. Осы іс-шараға қатысу үшін  мектепте мектепішілік ата – аналар   жиналысы 2016 жылдың 9 қыркүйегінде 17.00 – де өткізілді.

     Тыңдалды:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Саденова баяндамасында республикалық акцияның,республикалық апталықтың жұмыс мазмұнымен таныстырды.Осы іс – шараларға байланысты мектеп пен ата – аналардың бірлескен ынтымақтастық жұмыстары талқыланып,әсіресе, мектептің қауіпсіздігі мен отбасы жауапкершілігі түсіндірілді.

2.Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары  М.Нурбекова өз сұрағы бойынша  ата – аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,ата – анасының тәрбиелеу,оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауына қарай айыппұл төлеу  түрлерін т.б.талаптарды ата – аналармен талқылады.

3.Ұйымдастырушы педагог-Ә.Адалбекова өткен оқу жылындағы 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беруде  жоспарлы іс шаралардың  талапқа сай  орындалғаны және 11сыныптың 9 түлегімен, 9 А, Б сыныптарынан  14 оқушының колледжге  түскенін айтты.

4.Әлеуметтік  педагог - Г.Қосалиева «Мектепке жол» акциясы шеңберіндегі мектептегі  жұмыстармен таныстырып,демеушілердің игі істері туралы,акцияның әлі  де жалғасатынын және де мұқтаж жандарға көмек қолын көрсетуді сұрады.

5.Мектеп психологы - Э Таткеева бала тәрбиесінде ата – ананың балаға сенімділік білдіруі ,қолдауы, үміт артуы өте маңызды мәселе  екені туралы көптеген түсініктер берді. Бала тәрбиесінде ата – аналарға төзімділік қасиеттің жетіспей  жататынын да ескертілді.

6.мектеп кітапханашысы - Б.Далибаева  ата –аналарды жаңа оқу жылындағы  1-11сынып оқушыларының оқулықтармен қамтылу жұмыстарымен  таныстырды. Дегенмен,5 сыныптар оқулықпен 82 0/0  қамтылып отырғаны баса айтылды.

7.«Ата - ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыпта

ата-аналар - Р.Мыңбаева, А.Уркунжаева, А.Атиева, Д.Аитхожина жарыссөзге шығып,сұрақтарына жауап мағлұматтар алды.

  8.Мектеп директоры – Г.Б.Сейдахметова жиналысқа қатысып отырған ата - аналарға       әрбір отбасының мемлекеттің қорғауында екенін,отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш,құр бекер кетпейтінін, мектеп өміріндегі тәрбиелік іс – шараларға белсене қатысу өз отбасыңыздың болашағына үлес қосу.Балаларыңызға қымбат заттар, ұялы телефондар сатып алмаңыздар, мектепте жоғалтқан жағдайда  мектеп әкімшілігі жауапкершілігіне алмайды.  – деп жиналысты қорытындылады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  - Н.Саденова  жиналыстың

  шешімімен  ата-аналарды таныстырып, сол талаптарды орындауды міндеттеді.

Шешімі: 

1.Ата – аналар, мектеп ұжымы «Қауіпсіз балалақ шақ» ұранын ұстансын.Мектепішілік іс – шаралар назарға алынсын.

2.Ата –аналар балалардың құқық бұзушылықты және қылмыстық істі болдырмаудың алдын – алу шараларын жүргізсін. Мектеп пен ата –аналар бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Ата – аналарға берілген жаднама, кеңестер назарға алынсын.

3.Балалары мектепте қымбат заттар, бағалы ұялы телефондар ұстамауды ата – аналары қадағаласын,жоғалтқан жағдайда мектеп әкімшілігі жауапкершілігінен алынсын.

4. «Мектепке барар жол» республикалық акциясына ата –аналар тарапынан өз еркімен демеушілік көрсетілсін. Қайырымдылық жұмыстары жыл бойы жүргізілсін.

5.Сынып жетекшілері мен ата – аналар,мектеп психологы бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Мектеп өміріндегі іс – шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстырылсын.

 Мектепішілік ата-аналар  жиналысын ата-аналар ұжымынан «қанағаттанарлық» деп танылды, қаралған күн тәртібі мәселелеріне тиісті шешім шығарылды,анықтамалар хаттамаға тіркелді.                                                                                                                                                                 

                            Мектеп директоры:        Г.Б.Сейдахметова            

Категория:

 

1-қыркүйек Білім күні. "Мен өз елімнің патриотымын!" білім беру тәрбие сабағы

Автор: admin от 2-09-2016, 11:30, посмотрело: 1590

0

1-қыркүйек  Білім күні. "Мен өз елімнің патриотымын!" білім беру тәрбие сабағы

 

1-қыркүйек  Білім күні. "Мен өз елімнің патриотымын!" білім беру тәрбие сабағы

 

Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде өткізілген «Мен өз елімнің патриотымын!»

білім беру тәрбие сабағы туралы                       

Мәлімет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы» күніне арналған бірыңғай ашық сабақтары 2016 жылдың 1кыркүйек күні сағат 1000  -де басталды. 1-11сыныптар аралығындағы 20 сынып комплекті бойынша  өткізілетін ашық тәрбие сағатының кестесі  алдын – ала түзіліп, ашық сабақ жоспары тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Қ.Саденова тексеріп, мектеп директоры Г.Б.Сейдахметова бекітті.Сынып сағаттарының өтілу барысын бақылау мақсатында әр сыныпқа пән мұғалімдерінен құралған  20 уәкіл бекітілді.                          

Олар:

 

Сыныбы

Сынып жетекшінің

аты-жөні

Өтілетін орыны

Қатысатын мұғалімнің

аты-жөні

1

1-4

Бастауыш  сынып

мұғалімдері

Акт залы

Орманалиева К.А.

.

2

5 а

Нурбекова Мөлдір

№10    кабинет

Джанпеисова К

3

5 б.

Абешбаева Ә

№14  кабинет

 Ақшегирова Ғ.Ж.

4

6 а

Хусайнова Ләйлә

№ 16 кабинет

Акшабаева А.

5

6 б

 Джанибекова Г

№ 15   кабинет

Наурызбаев Ғ

6

7 а

Сембекова Әлия

№ 22 кабинет

Джапабаев Б

7

Алатаева Рахима

№18 кабинет

Валимамедова Г.

8

8 а

Басжанова Жаннұр

№ 11   кабинет

 Ахаева А.Х

9

8 б

Нұрманова Алтынай

№ 5 кабинет

Адалбекова Ә

11

 9 а

Қожамқұлова  Замира

№ 15 кабинет

Саденова Н.Қ.

12

9 б

Бұлтбаева Гүлбаршын

№ 20 кабинет

 Жанысбетов Ж

13

10 а

Махажанова Гулназ

№ 13 кабинет

Сейдахметова Г.Б.

10

11а

Бекбосынова Галина

№ 19 кабинет

Мухамеджанова Ш.

 

сынып сағаттарына қатысып анықтамаларын жазды.Атап айтсақ ; Бастауыш  1-4 сыныптарының тәрбие сағаты мектептің  акт залында  өтті.Оған 150 оқушы  қатысты.Сабақ барысын бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі К.А.Орманалиева бақылады.Бастауыш сыныптардың білім күні өткен сабағы  «жақсы » -деп бағаланды.

 


Орта және жоғарғы буын сыныптарында өткен тәрбие сағаттары даталапқа сай, тақырып мазмұнын ашатын ,жоспарлаған мақсатына жеткен сабақтар болды. Атап айтсақ, 5 "а" Нурбекова М, 6 "а" Хусайнова Л, 7"а"  Сембекова А, 8"а" Басжанова Ж, 9 "а" Қожамқұлова Замираның сабақтарында көрнекілікке Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың портреті, мемлекеттік Рәміздер, Астана қаласының сәулет ескерткіштері, РИО  олимпиадасының жеңімпаздарының суреттері,оқушыны ұлтжандылыққа, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін буклеттерге бай болды.


 

 

 

 

 

 


Категория:

 

Мектеп атауы

Автор: admin от 1-09-2016, 15:48, посмотрело: 258

2

Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігінің білім бөлімінің

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»коммуналдық

мемлекеттік мекемесі (Шу қаласы).

       Мектептің  І ғимараты  1938 жылы 24 қазанда қолданысқа беріліп, ІІ ғимараты 1987 жылы тұрғызылған.Мектеп блокты,кірпіштен салынған және орталық жылуға қосылған.             Мектеп ғимаратының типі -типтік, мектеп типі - қалалық. Мектептің жалпы ауданы - 3737,52 кв.м, пайдалану алаңы -1704,49 кв.м.Сынып бөлмелері- оқу кабинеті мен лабараторияны қосқанда-27, олардың жалпы көлемі 1782 кв.м. Мектепте оқыту  қазақ тілінде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 650 оқушыға арналған.

 

 

Категория:

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 1-09-2016, 15:41, посмотрело: 230

0

Мектеп тарихы

      Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің іргетасы 1938 жала № 62 мектеп болып қаланып,бүгінде қабырғасынан талай өрендерін ұшырған киелі ордаға айналып отыр. Мектептің тұңғыш түлектері

М. Әлшекенов,С. Аққозиев,О.Ұнтақов,Х. Ақаеев,Н. Шолтабаевтар есімі мен алғашқы ұстаздар Н.Сүлейменов, Ж.Тыналин  К.Қалықов, Т.Омарбеков,О.Өскенбаев есімдері тарих беттерінде,мектеп негізін қалаушылар ретінде мәңгілікке қатталып қалуда.№ 62 орта мектебі 1960-1970 жылдары

№ 308 орта мектебі болып аталады. Ал 1970-1980 жылдары № 34 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі болып аталады.1987 жылы  мектепке қосымша ғимарат қосылып кеңейтілді.1989 жылы мектептің 50 жылдығы тойланды.1990 жылы Ыбырай Алтынсарин аты берілген болатын.1998 жылы 24- қазан күні мектептің 60 жылдық мерейтойы тойланып,содан бері«24- қазан мектеп күні » ретінде жыл сайын аталып өтуде.1994 жылы мектеп-гимназия болды.1998 жылы «Шоғырландырып қарқынды оқыту жұйесі » бойынша Республикалық  эксперименттік  алаң мәртебесін алды.Мектепті көптеген басшылар басқарды.

     Мектеп директорлары:

                  

   1 Ж.Тыналин  -  1938-1939ж.ж

   2 Жуматаев Ж - 1939-1940ж.ж

   3 Сулейменов А -1940 -1941 ж.ж

    4 Салақов А -1941-1945 ж.ж

   5 Саламатов Қ -1945 -1948 ж.ж

   6 Саттыбаев Қ -1948-1952 ж.ж

   7 Нуржумин Қ  -1952-1954 ж.ж

   8 Жунисов Н.С -1954-1959 ж.ж

   9 Токеев А - 1959-1968 ж.ж

  10 Утебалиева Ә -1968-1972ж.ж   

  11 Бейсетбаев А.Н – 1972-1986 ж.ж

  12 Иманбердиев Д -1986-1987 ж.ж

  13 Абдығалиев Қ  -1987-2003 ж.ж

  14 Жинақбаева М.Қ -2003-2005 ж.ж

  15 Жаппасбаева Ұ.Ж -2005-2008 ж.ж

  16 Қанайқұлов Б.О -2008-2010 ж.ж

  17 Жангарашева А.Т -2010-2011 ж.ж

  18 Естаева А.Т -2011-2012 ж.ж

  19 Сейдахметова Г.Б -2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін басшылық етуде.

    Ұзақ  уақыттың тарих жолында ментеп табалдырығынан сан мыңдаған азамат білім алып,еліміздің әр саласында қызмет етуде. Мектеп ұжымында жоғары санатты,білікті де,білімді ұстаздар баршылық.Олардың әрқайсысы өз маманына сай еңбек етіп,ұрпақ үшін, болашақ үщін тер төгіп, еңбек етуде.

 

 

 

Категория:

 

"Балалық шақтан - болашаққа"

Автор: admin от 18-06-2016, 10:48, посмотрело: 386

1

17-маусым  күні мектептің акт залында  мектеп бітіруші түлектерге арналған  «Балалық шақтан - болашаққа» атты                  салтанатты жиын болды.  Салтанатты  жиын әсем әнмен басталды. Жиын барысында мектеп директоры  мектеп                      бітіруші   түлектерге орта білімді  аяқтау туралы  аттеста ттарын салтанатты түрде тапсырды. Сонымен қатар                          ата-аналарда түлектерге деген жүрек жарды тілектерін білдірді.  Жиын  соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу                  вальсін билеп салтанатты жиын жабық деп жарияланды.

 

"Балалық шақтан - болашаққа"

 

"Балалық шақтан - болашаққа"

 

"Балалық шақтан - болашаққа"

 


 

Категория:

 

"Балауса - 2016" жазғы сауықтыру алаңы

Автор: admin от 15-06-2016, 12:32, посмотрело: 830

1

«Балауса-2016» жазғы сауықтыру алаңының жұмысы жайлы мәлімет

2016 жылдың 1-14 аралығында Ыбырай Алтынсарин орта мектебі жанында«Балауса-2016 » жазы сауықтыру алаңы жұмыс жасады.

1 - маусым балаларды қорғау күні болғандықтан  балаларды құттықтап, олардың жамандықтан, жат қылықтан аулақ болулары керекетігі айтылды. «Қош келдің көңілді» мерекелік концертте балалар өз өнерлерін көрсетіп, мектеп психологы «Кел танысайық» тренингін жүргізіп,  жұмыс ары қарай жалғасын тапты. Алаңға келген балаларды  «Бәйтерек», «Балдәурен», «Айгөлек» деп аталатын үш топқа бөлдік. 10 күн аралығында мектеп жанындағы алаңда балалардың  демалысын қызықты өткізу үшін әр күні түрлі іс- шаралар өтті. Спорттық эстафета, «Биле, биле, биле...» би байқауы, түрлі- түсті қағаздардан апплекация байқауы, табиғат аясына саяхаттау, концерттік бағдарламалар т.б. Балалардың күні сағат 9-00 музыка әуенімен  жаттығу жасаудан басталады. Лездемеден кейін таңғы асқа барады. Таңғы астан кейін әр түрлі үйірме жұмыстарына барып уақытты текке өткізген жоқ. Алаңда «жас суретші», «Жас информатик», «Тіл үйрену», «Шебер қолдар», «Спорт», «Математика», «Жас музыкант » «Би өнері» сияқты үйірмелер жұмыс жасады. 1 маусымның жабылуына арналған «Қош бол лагерь »  салтанатында балалар өз өнерлерін ортаға салды.   Метеп жанындағы сауықтыру алаңының жұмысына ат салысып жүргендер  бастауыш сынып мұғалімдері: Шанашбаева А.Б, Игенбаева Б.Н, Қульдибекова Ж.И тәрбиеші болып, музыка пәнінің мұғалімі-Таткеева Э.Ж, би үйірмесінің жетекшісі-Нүсіпбек Б, дене шынықтыру пән мұғалімдері : Ж. Жанысбетов пен Б.Бұғыбаев , информатика пәні мұғалімі – М.Н.Аусейтова, аға тәлімгер –  А.О Ақшабаева, алаң басшысы- А.Р. Адалбекова балалардың ойынан шығып, жазғы демалыстарының көңілді, қызықты, ұмытылмастай болып өтуі үшін барлық  күш-жігерлерін салды.

 

 Алаңның ашылу салтанатын  Мемлекеттік әнұранды орындаудан бастадық

 

 

 

 

 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

Алаңның алауын жағу

 

Таңертеңгілік жаттығу 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

Мектеп психологі  әр күні түрлі-түрлі тренинг жүргізіп  отырды.

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

«Бәйтерек тобы»

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 «Балдаурен тобы»

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

                  «Айгөлек тобы»

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

Топтардың    «Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым»  сурет байқауына салған суреттері

 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 Спорттық эстафетада  балаларға ерекше ұнады

 

 

Табиғат аясында серуендеу бала  денсаулығы үшін өте пайдалы

 

 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

Апплекация жасау 

 

 

 

 

«Биле, биле, биле...» би байқауы

 

 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

Мультфильм көру кезінде

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

Астана –арман қала атты концерттік бағдарлама саз мектебімен  бірлесе өткізілді

 

 

Алаңның жабылуы салтанатында

 

 

 

 

"Балауса - 2016"  жазғы сауықтыру алаңы

 

 


 

Категория:

 

Сыңғырла соңғы қоңырау

Автор: admin от 26-05-2016, 12:16, посмотрело: 358

1

«Сыңғырла  соңғы  қоңырау». 25- мамыр  соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын.

Сыңғырла соңғы қоңырау

 

Сыңғырла соңғы қоңырау

 

Сыңғырла соңғы қоңырау

 

Сыңғырла соңғы қоңырау

 


Категория:

 

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 17-05-2016, 11:30, посмотрело: 438

1

                               Мектепішілік ата – аналар  жиналысы туралы

                                                        МӘЛІМЕТ

                                                      Тыңдалды:

 «Соңғы қоңырау»кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардың,педагогтардың,құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен ата – аналар жиналысы өтті.

   Төрайымы:  Г.Б.Сейдахметова.          Хатшы:  Н.Қ.Саденова.

           Қатысқандар: Мектепішілік ата – аналар комитетінің мүшелері:

      Г.Илиясова, М.Абдуалиева , А. Куртибаева, Р. Молдабекова,

Қ.Еркимбекова,  К.Нуридинова, Г.Көпесбаева, М.Қыдыралиева,

             К.Сагиева, Қ.Темірбекова, К.Нуридинова, М.Искакова, Ж.Нұрманова,Ұ.Сембиева, Ж.Райымкулова,Д.Айтхожина, Қ.Бисенбаева,

 А. Атиева, А.Уркунжаева,Р. Мыңбаева.

                              КДН-инспекторы: аға лейтенант  А.Асқанбаев

              Ата – аналар жиналысы 17.00 де басталды. Барлығы – 176 ата-ана қатысты.

           Күн тәртібінде:

              1.«Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің 2015-2016оқу

                жылының   аяқталуына орай құқық бұзушылықтың алдын алу»

                туралы  М.М.Нурбекова

              2.«2016 – 2017 оқу жылындағы оқушылардың 1 мезгіл тегін

                ыстық   тамақпен қамтылуы»   Н.Керімбекова.

              3. «Балаңыздың болашағы үшін зорлық көрсетуден бас тартыңыз»

               Э.Таткеева

              4. «Жазғы демалыс кезіндегі ата- аналардың жауапкершілігі»

               Ә.Адалбекова

              5.«Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп

                 формасына  қойылатын  талаптар»   Н.Саденова

              1.  ДҚІЖО М.Нурбекова «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің

          2015- 2016 оқу жылының аяқталуына орай жәнесоңғы қоңырау кезінде

        құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы баса айтып,оқушылар тарапынан ереже сақталмаған

т  жағдайда жауапкершілік ата-анадан талап етіліп айып пұл төлеу мөлшері  туралы  түсіндірді        

            2. Әлеуметтік педагог »  Н.Керімбекова.  «2016 – 2017 оқу  жылындағы оқушылардың

              1 мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы» туралы,«Жалпы білім беретін мектептердегі

         білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»

мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына қажетті құжаттар номенклатурасымен

             таныстырды.

      3. Мектеп психологы Э.Таткеева «Балаңыздың болашағы үшін зорлық   көрсетуден бас тартыңыз»атты баяндамасында ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің заң жобаларының 

жұмыстарын іске асыру жоспарының  29 –тармағына сәйкес 2004жылдың 13 – желтоқсанында

         Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен«Тұрмысты зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы аясында ата- аналармен  пікір алысты. 

               4.Ұйымдастырушы педагог: Ә.Адалбекова жазғы демалыс кезіндегі

 ат                 ата- аналардың бала күтіміне,қылығына көп шыдамдылық толеранттылық

              танытуды айтып түсіндірді

         5.ДТІЖО Н.Саденоваата- аналарды Қазақстан Республикасы Білім

       және ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтардағы № 26 бұйрығымен

 Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың

Жалпыережелерімен таныстырды. Орта білім беру ұйымдарында 

          міндетті мектеп формасына қойылатын   талаптарды орындау кезінде ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер  мектеп формасы  туралы мәселелерді талқылауға қатысыпмектеп және оны жетілдіру бойынша ұсыныс  енгізіп, оны кез келген саудажелісінен сатып алуға ақыл- кеңес алды.

   «Соңғы қоңырау»кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата аналардың,педагогтардың құқық қорғау органдарының өкілдерінің   қатысуымен өткен  мектептік ата – аналар

        жиналысы ата-аналар тарапынан  «қанағаттанарлық» деп танылды.Қаралған күн тәртібі  мәселелеріне тиісті шешім шығарылды, анықтамалар хаттамаға тіркелді.

           Шешім:

    Оқушылардың түнгі уақытта яғни сағат 22-00-ден кейін  көңіл көтеру орындарында болуына жол   берілмесін, сондай-ақ сағат 23-00-ден кейін көшеде ата-аналары немесе заңды өкілінсіз жүрмеу     ата-аналардың толық жауапкершілігіне алынсын.

1.Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп оқушыларының қала сыртына саяхатқа шықпауына  қатаң тыйым салынсын.

     2 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен   

         тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды

         ұсыну»  мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына қажеттіқұжаттар

         бойынша   ата – аналар құжаттарын уақтылы тапсырсын.

   3.Баланың болашағы үшін ата-ана балаға  зорлық  - зомбылық көрсетуден      бас тартып, түсіністікпен қарау қалыптастырылсын.

   4.Жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына  ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілсін

5.Мектепте міндетті мектеп формасымен оқушыларды  қамтамасыз ету ата -  аналар тарапынан ұйымдастырылсын.

 

 

                   Мектеп директоры:                     Г.Б.Сейдахметова

 

 

Категория:

 

Қазақ ұстазы. № 6 Респуликалық журнал

Автор: admin от 12-05-2016, 00:00, посмотрело: 302

0

Ұстаздық –ұлы құрмет.

  Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

  Болашақтың басшысын да, данасын да, ғылымын да, еңбекқор, егіншісі мен еншісін өсіреді.

   2014-2015 оқу жылы 21 сынып 370 оқушымен басталды.

10-11 сыныптар жаратылыстану математикалық бейін бойынша оқиды. Өткен оқу жылында 79 оқу үздігі , 99 оқу екпіндісі, білім сапасы 49,40 % болды.

    Сондай-ақ оқушылар жан жақты дамыту мақсатында түрлі байқау сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстырылды.

Мектепте география , химия, информатика, физика,биология, қазақ тілі, математика кабинеттері интерактив тақтамен жабдықталған.

    Оқу  жоспарында оқушының жалпы мәдениетін қалыптастырып , таным белсенділігін арттыратын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын үйірмелер, факультативтер ұйымдастырылған.

Мектепте мамандар саны-45

Жоғары білімді мұғалімдер саны-43

Арнаулы орта білімді мұғалімдер саны-2

Жоғары біліктілік санатты мұғалімдер саны-18

Бірінші біліктілік санатты мұғаілімдер саны – 11

ІІ біліктілік санатты мұғалімдер саны-11

Мектепте жас мамандар саны-2

ҚР. Білім беру ісінің үздігі-1

    2014-2015 жылдарға жасалған ұжымдық шарт әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

12 тараудан тұрады

1. Жалпы ережелер

2.Еңбек шарты

3.Қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру

4.Жұмысшылардың босауы және олардың еңбекпен қамтылуына септік ету

5.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

6.Еңбек ақы мен еңбек нормалары

7.Кепілдіктер мен өтемақылар

8.Еңбек пен денсаулықты қорғау

9.Кәсіподақ кепілдіктері

10.Кәсіподақтың міндеттемелері

11.Білім беру ұйымдарын басқару, әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттыру

12.Келісімнің орындалуына бақылау жүргізу

Төмендегі актілер бастауыш кәсіподақ коммитетімен келісе отырып қабылданады

1.Ішкі еңбек тәртіп ережесі

2.Оқу сабақтарының кестесі

3.Жұмыс кестелері

4.Демалыс кестелері

5.Педагогикалық қызметкердің  оқу жүктемесі

6.Педагогикалық қызметкердің қолданыстағы біліктілік  санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестациясын тағайындау туралы шешімі;

7.Еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық.

    Елбасының жолдауын негізге ала отырып, мектепті басқару, мектепте білім

беру және тәрбие ісін сапалы білікті жүргізу, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу

ісінде басты мақсатымыз болмақ. Балалар еліміздің келешегі , ертеңі. Сондықтан

олардың  бойындағы болашаққа сенім , үміт, оптимистік көзқарас ұялату-

баршамыздың парызымыз. Ел игілігі үшін аянбай еңбек ету-әрбір ұстазға

жүктелген қасиетті парыз.

Білім сапасына қолдау көрсету 100 қадамнан тұратын Ұлт жоспарында да

жан-жақты көрініс тапқан.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет

тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз. Білім негізі мектептен басталады.

2015 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің

кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасын

көтеруіміз қажет» деген болатын. Олай болса, Елбасының жолдауын негізге

ала отырып, мектепті басқару, мектепте білім беру және тәрбиелеу ісін

сапалы білікті жүргізу бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу ісінде басты

мақсатымыз болмақ.

    Әкімшілік пен ұжым тығыз байланыста болып, іскерлік пен ізгілік

атмосферасын қалыптастыра отырып басқару, бақылау, реттеу мақсатқа

жетуге жетелейді.

   Нәтижелі іске себепкер болатын үш нәрсе: дайындық , құлық, біліктілік.

1.Ұжымның жұмысын қалыпқа келтіру. Ұжымның ұйымдастырылуы әр

адамның өз жұмысын тиянақты істеуіне байланысты.

2.Әкімшілік ұжыммен санасып, ой-пікірді біліп отыруы тиіс.

3.Бұл жұмыс күнделікті жүргізілуі тиіс. Осы үш мәселе шешілсе, ұжым

нәтижелі болары сөзсіз.

   Еңбек дауларының алдын алу, оларды шешудің тиімді құралы және

кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғаудағы кәсіподақтардың басты құралы

ұжымдық шарт.

Қоғамдағы саяси тұрақтылық пен кәсіподақ мүшелерінің жасампаз еңбегі

біздің барлық табыстарымыздың кепілі болды. Бұл біздің айтулы бірлескен

еңбек жеңісіміз. Әр қайсыларыңыз ортақ істің сәтті іске асуына өз

үлестеріңізді қостыңыздар .

   Мектеп ұжымы әр баланы ел дамуына кірпіш болып қаланар тұлға етіп

қалыптастыру жолында еңбек етіп. «Ел болашағы- білімді ұрпақтың 

қолында» екенін басты назарда ұстап келеді.

   

 

Категория: Жаңалық

 

Ұлы Жеңіске 71 жыл

Автор: admin от 6-05-2016, 16:25, посмотрело: 343

1

Ұлы  Жеңістің 71 жылдығына  арналған  8 «б» сыныбының    ұйымдастыруымен өткізілген  мерекелік  іс-шара.

Ұлы Жеңіске 71 жыл

 

Ұлы Жеңіске 71 жыл

 

Ұлы Жеңіске 71 жыл

 

Ұлы Жеңіске 71 жыл

 



 

Категория: