Тіл мерекесі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қыркүйек
2018

Тіл мерекесі

Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай "Өссе тілім менде бірге өсемін" тақырыбында өткізілген онкүндіктің
іс-шаралары туралы
МӘЛІМЕТІ
    Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін дамыту.
5 қыркүйек күні «Тіл-халық мұрасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Тіл туралы шағын баяндама оқылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ә.Е. Сембекова онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.
5-9 сыныптар арасында мектептің кітапханашысы Б.Далибаева "Тіл достықтың алтын көпірі" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Оқушыларды ақын-жазушылардың оқулықтарымен таныстырды.

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі