Конференция » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қыркүйек
2018

Конференция


«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
2018 жылдың 8-9 қыркүйек күндері «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты тақырыбында 1,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарына өткізілген конференция туралы МӘЛІМЕТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы қыркүйек-қазан айларында балалардырухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуын белсендіру мақсатында,балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; отбасылық құндылықтардыарттыру және нығайту; кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың,құқық бұзушылықтың, деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу мәселелері бойынша мектебімізде 8-9 қыркүйек күні сағат 10.00-де 1және 10,11 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен конференция өткізілді.Ата-аналарды тіркеу журналына тіркетіп, қолдырына сауалнамалар мен жаднамалар таратылып берілді. Конференцияға келген қонақтар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Өзбекова Мария Өзбековна және ата-аналар комитетінің төрайымы Тұрлықожаева Бағдагүл Әлдибаевна қатысты.
Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен мектебіміздің директоры Г.Б.Сейдахметова таныстырды.Мектеп психологтары Г.Н.Джанибекова және Е.Ж.Таткеева конференцияның бағдарламасымен жеке-жеке таныстырып, жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, дайындаған бейнероликтер де қамтылды. Конференсия соңында ата-аналар сауалнаманы толтырып, қосымша өз сұрақтарын қойды.

Конференция

Конференция

Конференция

Конференция