«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі» туралы мәлімет » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі» туралы мәлімет
04
мамыр
2018

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі» туралы мәлімет

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
«Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі» туралы мәлімет
1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып ,1989 жылы ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерінен айырған,мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды. 9 жыл 10 айға созылған соғыс, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Мектебімізде Ауған жерінен Интернациолист жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты мерекелік кеш өтті.15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктері,түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді.Соғыстың тарихына тоқталып «Ауған соғысы» жайында бейнероликтер көрсетілді.Кездесу барысында ауыр аманатты арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасты, батырлықпен ерліктің ерен үлгісін көрсеткендері үшін жерлестерімізге алғыстарын айтты.5-сынып оқушылар дайындалған өлең шумақтарын айтып , патриоттық әнді тарту етті.Сонымен қатар ауған соғыс ардагарлеріне оқушылар сұрақтарын қойды. Кеш соңында сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы, халықтың зердесінде бағасы артып, уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей берсін деп алғыстарын білдірді.

«Ыбырай  Алтынсарин    атындағы  орта  мектебі» КММ «Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі»  туралы мәлімет

«Ыбырай  Алтынсарин    атындағы  орта  мектебі» КММ «Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі»  туралы мәлімет

«Ыбырай  Алтынсарин    атындағы  орта  мектебі» КММ «Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі»  туралы мәлімет