«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында өткізілген семинар » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында өткізілген семинар
03
сәуір
2018

«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында өткізілген семинар

«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында
өткізілген семинар
2018 жылдың 22 ақпан күні оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жөсөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға ата-аналар, мектеп инспекторы және сынып жетекшілері қатысты.
Семинар 4 бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде 11 сынып жетекшісі Махажанова Гүлназ Байралықызы «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты 6 кезең бойынша өткізілді.
Екінші бөлімде тарих пәнінің мұғалімі Хусаинова Ләйлә Есентайқызы «Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада оқушылардың құқытар мен міндеттері, әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.
Үшінші бөлімде ДҚТІЖО М.М.Нурбекова 9-10 сыныптың ұлдарымен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру мақсатында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел 4 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Екінші кезеңде құқық бұзушылық туралы айтылды. Үшінші кезеңде құқық бұзушылық жасағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы айтылды.
Төртінші бөлімде мектеп психологы Е.Ж.Таткеева оқушылардың позитивтік көңіл күйін көтеру, бір-біріне деген қарым-қатынасты нығайту, адам бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатныда «Құбыр» және «Қоқыс жәшігі» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар өздерінің бойында кездесетін жаман қасиеттері мен мінездерін айтты. Осы айтылған жаман қасиеттерінен арылу үшін ақ қағазды умаждап, қоқыс жәшігіне тастады.
Семинар соңында мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектібайқызы оқушыларды тәртіпті болуға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, сабақтан себепсіз қалмауға және бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды.

«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында  өткізілген семинар

«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында  өткізілген семинар

«Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында  өткізілген семинар