Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Автор: admin от 4-02-2019, 04:54, посмотрело: 137

0
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Жаңа жыл мерекесіне арналып өткізілген 
«Кел Жаңа жыл жарқырап, шуақты Шу жеріне»
атты іс –шараның өткізілуі туралы мәлімет

     Мектебімізде желтоқсанның 26-29 күндері 1-11 сынып оқушылар арасында «Кел Жаңа жыл жарқырап, шуақты Шу жеріне» тақырыбында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп АКТ залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб, әсем әндер орындалды. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды.

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Автор: admin от 25-01-2019, 22:19, посмотрело: 176

0
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған
«Еліміздің ертенгісі-Тәуелсіздік» атты
іс –шараның өткізілуі туралы мәлімет

      16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған 8 «А», «Б» сынып жетекшілері Л.Е. Хусайнова, Г.Н. Джанибекованың ұйымдастыруымен 14 желтоқсан күні «Еліміздің ертенгісі-Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік шараны мектеп директоры Г.Б. Сейдахметова өзінің құттықтау сөздерімен айтты. Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанатын еңбек құмар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын өршіл қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына 2 «А», «Б» сыныптарының
19 оқушысы «Жас қыран» тобына қабылданды. 8 сынып оқушылары Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама көрінісін көрсетті. Якубова Әлима Қазақ хандығы туралы, Кеңес Одағының батырларына арнап жыр, өлең шумақтарын оқыды. Даңғыл Айбектің орындауында «Қазақпын», Жанат Жанеркенің орындауында «Алға Қазақстан», Хороходжаев Темірланның орындауында «Мен Қазақпын» және де өлең шумақтары орындалды.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Автор: admin от 3-12-2018, 22:54, посмотрело: 198

1 Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген - Елбасы» атты салтанатты жиынның өткізілуі туралы мәлімет

Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген - Елбасы» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды мектеп басшысы еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы етіп,биік белестерге шығарған елбасының ерен еңбегін атап өтіп,айтулы мерекемен құттықтады. Еліміздің ынтымағы мен бірлгін берік сақтап,ел тізгінін ұстаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаттың кеңінен насихаттау, жас буындарға патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақты отаншылдыққа үлкенді құрмет тұтуға, баулу мақсатындағы мерекелік шарада мектебіміздің 10 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің мазмұнын аша түсті. Салтанатты жиында үлгілі де білімді оқушыларын «Жас Ұлан » ұйымына қабылдады. «Жас Ұлан » ұйымына қабылдау рәсімі мектебіміздің директоры мен мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздарына берілді.

               Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

               Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

               Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

               Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шараның өткізілуі туралы

Автор: admin от 8-11-2018, 00:16, посмотрело: 207

1
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік 
іс-шараның өткізілуі туралы

Мәлімет

  Мектепте мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараның жоспары жасалып, бекітілді. «Мұғалім мектептің жүрегі», «Ұстаз ұлы есім» тақырыптарында қабырға газеттері ілінді. 11 сынып түлектерінің ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концерт қойылды. Мерекелік шараны мектеп директоры Г.Б. Сейдахметова өзінің құттықтау сөздерімен ашып берді. Қабырға газеттің үздігі анықталып, 5 «Б» сыныбы І орынмен, 6 «Б» сыныбы ІІ орынмен, 2 «Б», 3 «А» сыныптары ІІІ орындармен марапатталды. 11 сынып түлектерінің орындауында ұстаздарына деген ыстық лебізін білдіріп «Ұстазым» атты өлеңдерін арнады. Ұстаздармен ойын ойнатып, жұмбақ жасырылды, түсіндірме сөздіктермен көрермендердің көңіл-күйін көтерді. 5 «А» сынып оқушылары «Балауса» би тобы «Үнді» биін билеп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Концерт соңында 11 сынып түлектері өздерінің өлең шумақтарын, ізгі тілектерін білдірді.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік  іс-шараның өткізілуі туралы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік  іс-шараның өткізілуі туралы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік  іс-шараның өткізілуі туралы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік  іс-шараның өткізілуі туралы

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Қарттар күніне арналып өткізілген «Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі» атты іс –шараның өткіз

Автор: admin от 7-11-2018, 23:51, посмотрело: 168

1
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Қарттар күніне арналып өткізілген 
«Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі» 
атты іс –шараның өткізілуі туралы мәлімет

     1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша Қарттар күні атап өтіледі. «Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші, осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет жасасақ та артықтық етпейді. Себебі ардақты аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымыз өздерінің саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сабырлық, қарапайымдылық қасиеттерімен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келеді. 5 «А», «Б» сынып оқушылары «1 қазан Қарттар күніне» арналған мектепішілік сынып жетекшілері Б.М. Турганбаева,
Г.Б. Махажанованың ұйымдастыруымен «Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі» атты салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиынға сынып оқушыларының ата-апалары қонаққа шақырылды. Ата апалары немерелеріне өз тілектерін айтып, бата беріп, ризашылықтарын білдірді.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Қарттар  күніне арналып өткізілген  «Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі»  атты іс –шараның өткіз

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Қарттар  күніне арналып өткізілген  «Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі»  атты іс –шараның өткіз

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Тіл мерекесі

Автор: admin от 12-09-2018, 23:04, посмотрело: 218

4
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай "Өссе тілім менде бірге өсемін" тақырыбында өткізілген онкүндіктің
іс-шаралары туралы
МӘЛІМЕТІ
    Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін дамыту.
5 қыркүйек күні «Тіл-халық мұрасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Тіл туралы шағын баяндама оқылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ә.Е. Сембекова онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.
5-9 сыныптар арасында мектептің кітапханашысы Б.Далибаева "Тіл достықтың алтын көпірі" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Оқушыларды ақын-жазушылардың оқулықтарымен таныстырды.

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Білім күні

Автор: admin от 12-09-2018, 08:21, посмотрело: 199

4 «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» салтанатты жиынының анықтамасы

«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» атты 1-қыркүйек білім күні мерекесін өткізді.Білім күні 1-4 сыныптар"Мен өз елімнің патриотымын",5-7 сыныптар"Астана менің жүрегім",8-9сыныптар "Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі",10-11 сыныптар "Рухани жаңғыру -жаңарудың жаңа кезеңі"сынып сағаттарымен жалғасты.

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Конференция

Автор: admin от 12-09-2018, 08:08, посмотрело: 494

9

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
2018 жылдың 8-9 қыркүйек күндері «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты тақырыбында 1,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарына өткізілген конференция туралы МӘЛІМЕТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы қыркүйек-қазан айларында балалардырухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуын белсендіру мақсатында,балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; отбасылық құндылықтардыарттыру және нығайту; кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың,құқық бұзушылықтың, деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу мәселелері бойынша мектебімізде 8-9 қыркүйек күні сағат 10.00-де 1және 10,11 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен конференция өткізілді.Ата-аналарды тіркеу журналына тіркетіп, қолдырына сауалнамалар мен жаднамалар таратылып берілді. Конференцияға келген қонақтар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Өзбекова Мария Өзбековна және ата-аналар комитетінің төрайымы Тұрлықожаева Бағдагүл Әлдибаевна қатысты.
Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен мектебіміздің директоры Г.Б.Сейдахметова таныстырды.Мектеп психологтары Г.Н.Джанибекова және Е.Ж.Таткеева конференцияның бағдарламасымен жеке-жеке таныстырып, жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, дайындаған бейнероликтер де қамтылды. Конференсия соңында ата-аналар сауалнаманы толтырып, қосымша өз сұрақтарын қойды.

Конференция

Конференция

Конференция

Конференция

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру алаңы туралы анықтама

Автор: admin от 20-06-2018, 00:30, посмотрело: 366

5
«Балауса» жазғы мектеп
жанындағы сауықтыру алаңы туралы анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру алаңы құрылып, 4 – 10 сынып оқушылары барлығы 37 оқушы қамтылды. І маусым кезеңізде мектеп жанындағы лагерьде оқушылар толық қамтылып, тәрбиешілер өз деңгейінде жұмыстар жүргізді. Мектеп жанындағы лагерьдің ашылу мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыра отырып, лагерь жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа, тәрбиелей отыра салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру.
1-маусым балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарламалар болды. Концертте ән шашулар мен билерден өнер көрсетті. Іс-шарада асық ату , фетр матадан себет жасау, асфальтқа сурет салу және эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шараға балалар өте жақсы деңгейде қатысты.Эстафеталық ойынға қатысып өз өнерлерін көрсетті. Балаларымыз жүлделі орындарға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды.Жақсы сыйлықтармен марапатталды.
4 маусым күні жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиында дайындалған ән, билерден шашу шашты. Балаларымыз өте жоғары деңгейде дайындықпен келді. Жиын соңында балалар алаң алауын тамашалады. Алауды айналып тілектерін айтып, ән салды. Жетекшілер балаларға рәміздердің шығу тарихы туралы баяндама жасады. Рәміздер туралы өлең шумақтарын тарту етті. Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты суреттер салынды. Сурет салуда балаларымыз өз еңбектерін көрсетті.
Мектеп жұлдызын анықтайтын бұл өнер сайысы – талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашатын байқаулардың бірі болды. Байқаудың шарттары үш биден бөлінді. Қазақ биі, Заманауи биі, 15 адамнан құралған флешмоб биі. Балалар жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Әділ қазылар алқасы өз бағаларын берді. Үш топта бірінен бірі , дайындықтарын ортаға салды. Әр топ дайындықтарына байланысты орындармен марапатталды. Жазғы сауықтыру алаңында балалармен ән байқауында өткіздік. Ән байқау үш топтың арасында өтті. Қазылар алқасымен таныстырылды. Балалар өте жақсы дайындықпен келген. Әр топ бар өнерлерін көрсетті. «Айгөлек» тобы бірінші болып шықты. Үш оқушы әр түрлі дәстүрлі әннен орындады. «Бәйтерек» тобы екінші болып шықты. «Балдәурен» тобы үшінші болып өнер көрсетті. Қазылардың бағалауымен жүлделі орындарға ие болды.Үш топ арасында ертегілер туралы байқау өтті. Оқушыларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлерімен танысу және мінездеме беру. Сонымен қатар оқушылардың ойлау, есте сақтау , еркін сөйлеу және қабілеттерін дамыту болып табылады. Топтар арасында жақсы дайындық болды. Қазылар алқасымен де таныстырылды.
«Қызыл телпек» ертегісін және «Тәуіп пен бай» ертегісін жақсы сомдап шықты. Авторлық шеберлігінде көрсете білді. Үш топ арасында түрлі-түсті қағаздардан байқау өтті. Түрлі – түсті қағаздарды қыйу арқылы, ақ қағаз бетіне суреттерді қиып жапсырды. Балалар өз қиялындағы суреттерді, қағаздарды қиып , сурет арқылы өз ойларын жеткізді. Жақсы өнеркөрсеткен балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ 1 орынды Бекмұрат Томирис пен Жанат Мадина иеленді. 2 орынды Молдахан Жансая марапатталды. 3 орын Өмірәлі Әділ марапатталды.
8 – 10 сынып оқушылары еңбекпен қамту бойынша мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ «Балауса» жазғы  мектеп жанындағы  сауықтыру алаңы  туралы  анықтама

Категория: Мерекелік іс-шаралар

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ «Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты жиынының анықтамасы

Автор: admin от 18-06-2018, 23:43, посмотрело: 246

3
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ 
«Сыңғырла , соңғы қоңырау !» салтанатты жиынының анықтамасы
   
     Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз үшін , оларды келешекке арманына шақыратын соңғы қоңырау болды .Бүгін міне мәңгі сақтар күн . Алып ұшып түйініндей хаттардың . Түлектерге қимас сезім сыйлаған. Куәсіндей балалық бал шақтардың деп , еліміздің ұлан ғайыр білім ордаларында күміс қоңыраудың соңғы сазы , « Сыңғырла , соңғы қоңырау!» мерекесі өткізілді. Мектеп бітіруші түлектерді алғашқы ұстазы мен сынып жетекшісін үлкен қошеметпен ортаға шақырды. Оқушылар сапқа тұрғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Осыдан кейін ардагер ұстаздарымызды ортаға шақырдық.Барлығы орындарына жайғасқаннан кейін, мектеп директорына сөз берілді. Дала қоңырауы атанған қазақ халқының тұңғыш ағартушы –педагогы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Келесі кезекте 11 сынып оқушылары «Қош бол алтын ұя мектебім» атты әнді орындады. Біліммен оза шапқан дарыны мен дараланған оқу озаттарын марапаттау рәсіміде болды. 1 сынып оқушылары, мектеп бітіруші түлектерге арнаған сыйлықтарын тапсырып , тақпақтарын айтты. 11 сынып оқушылары , 10 сынып оқушыларын ротаға шақырып «Білімнің алтын кілтін» табыстады. 11 сынып оқушылары «Мектеп вальсін» билеп, ақ көгершіндері мен шарларын ұшырды. Соңғы қоңырау. Мектеп бітіруші түлектеріне арналады. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. 11 сынып оқушысы мен 1 сынып оқушысы қоңырау соқты. Жиын соңында мектеп бітіруші түлектерге , Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларына тілектеспіз. Жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Назад Вперед