01
қыркүйек
2016
Мектеп атауы
Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігінің білім бөлімінің
«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесі (Шу қаласы).
Мектептің І ғимараты 1938 жылы 24 қазанда қолданысқа беріліп, ІІ ғимараты 1987 жылы тұрғызылған.Мектеп блокты,кірпіштен салынған және орталық жылуға қосылған. Мектеп ғимаратының типі -типтік, мектеп типі - қалалық. Мектептің жалпы ауданы - 3737,52 кв.м, пайдалану алаңы -1704,49 кв.м.Сынып бөлмелері- оқу кабинеті мен лабараторияны қосқанда-27, олардың жалпы көлемі 1782 кв.м. Мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 650 оқушыға арналған.