Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына орай өткізілген «Желтоқсан –Тәуелсіздіктің бастауы» атты іс – шара

Автор: admin от 22-12-2016, 00:28, посмотрело: 105

0

                                 Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

                                   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына

                                 орай өткізілген  іс – шара  туралы

                                               Мәлімет

 

    Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына орай мектебімізде  «Желтоқсан –Тәуелсіздіктің бастауы» атты салтанатты жиын  өтті. Салтанатты жиынымыздың мақсаты қазақ халқының басынан кешкен қиындықтар  мен күрестер туралы, айта отырып, бүгінгінің жеткен жемісі, тәуелсіздік күнінің, тарихын ашып көрсету,халық қаһармандарымен таныстыру.Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұранын екенін мақтаныш пен сезіну, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін сүюге баулу. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл аясында түрлі жетістіктерге жеттік. Ата-бабамыздың арманы орындалды. Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп біле- міз.Осы іс-шараның ашылуы барысында Тәуелсіздік алу қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтар туралы бейне ролик көрсетілді. «Желтоқсан құрбандарын еске алып, Қайрат, Ләззат, Сабира ағаларымыз бен әпкелеріміздің өлеңдерін оқыды. Оқушыларымыз ержүрек, қаһарман Қайраттың ерлігін баяндап, көрініс көрсетті. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, еліміздің туы көкке көтеріліп, елімізді дүниежүзі танитындай деңгейге жетті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған өлең-жыр шумақтарын төкті. 6 «А» сынып оқушыларының орындауында тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын, деп «Жаса Қазақстан» әнін орындады.Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ–домбыра деп, ұлдарымыз күй жырларын ұйымдастырды. Қорытындылай келе, «Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды »болсын - дей келе Ескендір Хасанғалиевтің сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен қорытындыладық.

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына   орай өткізілген «Желтоқсан –Тәуелсіздіктің бастауы»  атты  іс – шара

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына   орай өткізілген «Желтоқсан –Тәуелсіздіктің бастауы»  атты  іс – шара

 

                           Көріністен үзінді

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына   орай өткізілген «Желтоқсан –Тәуелсіздіктің бастауы»  атты  іс – шара

 


 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына орай өткізілген іс - шара

Автор: admin от 19-12-2016, 03:45, посмотрело: 103

1

                                  Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

                                   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына

                         орай өткізілген іс - шара туралы

                                                 Мәлімет

 

    «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күн  аудандық іс  - шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде 2016 жылдың 12 желтоқсан  күні  11-00 де мектепішілік лездемеде « Тәуелсіздігім - мақтанышым » тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ Саденова 5 – 10 сынып аралығындағы  оқушыларға дәріс оқыды.Тәуелсіздіктің баяндылығын білімімізбен,тәртіпті тәрбиемізбен сақтайтынымыз туралы айтылды.12 желтоқсанда «Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыбында 1 – 11сынып оқушылары аралығында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өтті.Сынып сағаттары бай көрнекіліктермен,талапқа сай өтті.

 

 

 

 



 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс - шара

Автор: admin от 13-12-2016, 04:11, посмотрело: 1964

2

                             Шу қаласы ЫбырайАлтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

                                     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс - шара

                                       аясында атқарылған  жұмыстар туралы

                                      Мәлімет

       Тамыз айында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және ар- намыс кодексін сақтау бойынша іс – шаралар жоспары жасалып бекітілді.Жемқорлық қаупі бүгінде жалпы жаһан жұртшылығын толғандырады. Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық әрекеттерді жою мақсатында жұдырық болып жұмыла жұмысі істеген жөн. «100 нақтықадам» жоспарының жемқорлықты болдырмауға   байланысты  бағыттарын бағамдап,болашақтағы жоспарлары мен бөлістік.Қай мемлекеттің болмасын, ілгерілеуін іркілтетін ішкі індет бар. Ол – жемқорлық. жаһанның жағасына жармасқан жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес. Оның ұлттық қауіпсіздік ке қатер төндіретінін Елбасы үнемі ескертіп келеді. Осыған орай,2015-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарының 24 тармағында көрсетілген «ашық сабақтар өткізу» тапсырмасын және Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып атқарған жұмыстарды хабарлаймыз:

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шарасы аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»-деген үндеумен мектеп мұғалімдеріне, қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары және сауалнама алынды. Мектеп оқушыларына 14-19 қарашада 1-11сынып аралығында « Сыбайлас –жемқорлық деген не?» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті.«Қазақстан-құқықтық мемлекет» айлығы бойынша 1-4 сыныптарында «сынып басшысын сайлау» сюжеттік-ролдік ойындары өтті.Мектепішілік іс-шара жұмыстары өз дәрежесінде өткізілді.

 

 

 

 

 


 «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» 1-4 сыныптары оқушылары арасында сурет байқауы өтті.

 

 

9 «б» сыныбының «Сыбайлас –жемқорлық деген не?» атты бірыңғай сынып сағатынан  көрініс

 

 

 

 

 


Категория: Мектеп дәстүрі

 

СПИД ауруының алдын алу туралы іс-шара

Автор: admin от 11-12-2016, 22:59, посмотрело: 296

0

Мәлімет

   Ы.Алтынсарин  мектебінде 02 желтоқсан күні 2016 жылы сағат 13 де  мектеп медбикесі  Б.Д.Башегова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ.Сәденова ұйымдастыруы-

мен  9а, 9б,10а,11сынып  оқушыларының қатысуымен желтоқсан   халықаралық  ВИЧ СПИД ке қарсы күрес күніне арналған медицина  қызметкерлерімен қарсы күрес күніне арналған медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.Кездесу барысында Сәденова Н.Қ кездесуге келген медициналық  мамандарын оқушыларға таныстырып өтті. Мектебіміздің  медбикесі Б.Д.Башегова ВИЧ/СПИД  туралы  мағлұмат беріп  өтті, әңгімелесу барысында Башегова Б.Д.қатысушы оқушылар көкей  кесті сұрақтарын қойды.11 сынып оқушысы Тасболат Динара ВИЧ/СПИД тің белгілері қандай,   9а сынып оқушысы Қасқабай Эльвира ВИЧ/СПИД тің жұғу жолдары  қандай деген сұрақтарына  толық мағлұматтар алды.Кездесудің барысы видеоролик көрсетумен жалғасты.Көрсетілім көру

барысында оқушылардың бойында бұл ауруға деген қорқыныш,үрейленген сезімдер байқалды.

9б сынып оқушысы Көпбосын Ақнұр  Қазақстан бойынша ВИЧСПИД пен ауратын адамдардың     статистикасын сұрады? 9/а сынып оқушысы Еркін Азиза шыбын шіркейдің  немесе масаның  шағуынан бұл ауру жұғадыма? деп сұрақ қойды.Әрі қарай Ақботаева оқушыларға ВИЧ СПИД тен туралы мағлұмат берді.Дәріс сұрақ- жауап, пікір алмасу соңында мектеп медбикесі Башегова    жалпы  қатысып отырған оқушыларға мынандай сұрақтар қойды.

  1.Балалар  сендер  салауатты  өмір  салтын  ұстанасыңдар  ма ?( ИЯ )

  2. ВИЧ/СПИД тен  сақтануға  болады  ма ? ( ИЯ )

Қорытындылай  келе  ВИЯ/СПИД  ке  қарсы  халықаралық  күрес  күніне  арналған  бұл  іс   шара  жоғары  деңгейде  өтті.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Шу қаласы – өнер жұлдыздары» атты байқау

Автор: admin от 7-12-2016, 04:46, посмотрело: 174

1

Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен

«Шу қаласы – өнер жұлдыздары» атты байқауы туралы

мәлімет

Мақсаты: Мектептегі талантты жаңа есімдерді анықтау.Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттырып,еліміздің рухани өміріндегі жетістіктеріне айтулы үлес қосуға тәрбиелеу.Байқау23қарашада мектеп акт залында 15.00 де өтті. Байқау ережесі бойынша барлық жанр қамтылды. Атап айтсақ :Оқушылардың орындауындағы «Қазақстан бақыты», «Туған ел» хоры, 9 «А» сыныбынан Еркін Арман мен Хасен Маликаның « Ерке сылқым»күйі,6 «б» сыныбы «би» үйірмешілерінің «Ұлттық» биі, 5 «А» сыныбынан Қырғызбай Мадинаның « Мен- қазакпын» мәнерлеп оқыған өлеңі,9 сынып оқушылары Еркін Азиза мен Желеу Мөлдірдің патриоттық «Қазақстан» мен «Ақ көгершін» әндері «үздік» -деп танылып, 14 желтоқсанда өтетін «Шу қаласы – өнер жұлдыздары» атты  қалалық байқауға жолдама алды.

 

 

            Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Н.Қ.Саденова

 

 

 

 


 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

" Елі сүйген,елін сүйген Елбасы " атты мерекелік іс - шара

Автор: admin от 7-12-2016, 03:23, посмотрело: 232

0


  Ыбырай Алтынсарин орта мектебі 2016-2017

оқу жылы  тәрбие жұмысы бойынша

1-желтоқсан Президент күніне арналған

іс-шара жұмысының есебі

 

    Президент күніне орай 6 «б» сынып оқушыларымен «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы » атты мерекелік іс-шара өз дәрежесінде өтілді.Мерекелік іс-шараның мақсаты:Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен, оқып  білім  алған , қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру, Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын , халқын  сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу, шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  ояту,құрметтеу.Біз егеменді елдің ұрпағымыз. Ата-бабамыз аңсап кеткен - бейбітшілік пен тәуелсіздікті алдық. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл  аясында түрлі жетістіктерге жеттік. Ол әрине, Елбасының еңбегі. Ата-бабамыздың арманы орындалды. Біз ынтымағы берік, қаймағы бұзылмаған елде тұрамыз. Ол да Елбасының еңбегі.Тәуелсіздігіміздің  «ЭКСПО» әлем көрмесін де ұтып, ТМД елдерінің қатарына қосылдық, ол да Елбасының еккен ағашының жемісі деп айта аламын.Сонымен қатар, 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы да уақытынан бұрын орындалды. Егеменді елдің Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қазаққа біткен дара тұлға десем артық айтпаған болар едім. Осы іс- шараның  ашылу  салтанаты «Елбасына » арнау  бейне баян көрсетіліп  «Туған  ел»  әні  хормен  орындалды. Өте  жоғары  деңгейде  әдеби  монтаждары  үш  тілде  қамтылды. Даңғыл  Айбектің  орындауында  «Көк  тудың  желбірегені », Еркін  Азизаның «Қазақсаным  алға», Елеу  Мөлдір «Ақ  көгершін», әндері  өте  тартымды  орындалды.  Мұратқызы  Перизаттың  ағылшын  тілінде «Елбасы ел  тірегі» атты  монологы  оқылды. Мың  бұралған  биші  қыздарымыздың  орындауларында «Маленькая  страна», «Мен  қазақпын»билері орындалды.

   Қорытындылай  келе  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры  биік, халқымыздың  еңсесі  жоғары, егемендігіміз  баянды  болсын  дей  келе Хороходжаев  Темірлан «Алға, Қазақстан» әнімен елді  тамсандырды.

                                    

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

                          Сынып  жетекшісі:
Г.Н. Джанибекова

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына орай өткізілген іс шара

Автор: admin от 3-12-2016, 23:31, посмотрело: 93

0

                        Шу қаласы« Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де

                                 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына

                           орай өткізілген іс шара туралы

                                                                    Мәлімет

 

     «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күн  ішінде аудандық іс  - шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде 2016 жылдың 3желтоқсаны  күні  11-00 де  «Ел үшін менің еңбегім» атты мұғалімдер арасында флеш-моб ұйымдастырылды.

Флеш - мобтың мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына ұстаздар қауымының ерен еңбегін паш ету. Аталмыш тақырыптағы флеш-мобқа: 20 ұстаз қатысты.

 

 

 

 


 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына орай өткізілген іс шара

Автор: admin от 29-11-2016, 11:51, посмотрело: 103

0

                              Шу қаласы« Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де

                                         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына

                                       орай өткізілген іс шара туралы

                                                                         Мәлімет

 

   «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күн  ішінде аудандық іс  - шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде 2016 жылдың 23 қараша күні 11- 00 де мектепішілік лездемеде «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында барлығы: 20 сынып комплекті бойынша 350 оқушыға бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өтті.

 

 

              5 «А» сынып

 

 

 

             

                7 «Б» сынып

 

 

 

 

 

 

           9 «А» сынып

 

         

 

 

 

 

 

                9 «Б» сынып

 

 

 

               10 сынып

 

                  

 

 

       

 


 


 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп конференциясы.

Автор: admin от 18-11-2016, 14:51, посмотрело: 7349

253

                                                  Мәлімет

    Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төңген қауіп» атты 8 – 11 сынып оқушыларының арасында конференция ұйымдастырылыды. Конференцияға қалалық  мешіттің имамы Нармуханов Бақтияр Жомартұлы, Шу көлік прокурорының аға көмекшісі Б.Жиенқожаев , аудандық білім бөлімінің тарих пәні бойынша әдіскері Садығулова К.М, аудандық білім бөлімінің психолог әдіскері С.Ж.Снабековжәне мектебіміздің мұғалімдері қатысты. Діннің адам мен қоғамға келтіретін пайдасын сезініп, білгеннен кейін, қоғамдағы қазіргідей шиеленіскен жағдайды шешу үшін қасиетті дінімізге мойын бұра бастағанымыз бәрімізге аян. Кеңес үкіметі тұсында атеистік сеніммен тәрбие алған аға буын өкілдерінің де, олардың ұрпақтары біздердің де дін туралы сауатымыздың ең төменгі деңгейде екендігін де жасыра алмаймыз. Сол себепті мектебімізде діни сауаттылығымызды арттыру мақсатында ұйымдастырылған конференцияны ең алдымен «Зайырлылық және дінтану негіздері»  пәнінің мұғалімі Сембекова А.Е. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында » атты кітабындағы мына бір сөзінде «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз- ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғанын ашщы да болса шындық» деген сөзінен бастады. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін, бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін және діни мәдениет негіздерін танып, білсін деген мақсатпен қазіргі кезде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы мектеп бағдарламасына енгізілгені жастарымызды жат ағымдардан алшақтату, ислам дінімізді құрметеу, тусіндіру үшін өте қажет екендігін айтты.  Шара барысында сөз алған 8 – 11 сыныптар аралығындағы оқушылар  қазіргі кезде әрбір адамды соның ішінде жастарды күнделікті өмірде мазалайтын және жауабын табуға итермелейтін, өмір тіршілігіне бағыт – бағдар беретін сан түрлі сұрақтар мазалайды. Мысалы, Дін деген не? Неге әртүрлі аталады? Бір – бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Дін таратушылар дегеніміз кімдер, олардың мақсаты қанда? және жалпы діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында  аудандық мешіттің имамына сауал тастады. Бұл жайында аудандық мешіттің  имамы Нармуханов Бақтияр Жомартұлыислам дінінің құндылықтарын түсіндіре келе, лаңкестік әрекеттерді асыл дініміз исламмен байланыстыру, үлкен қателік. Ислам діні күллі әлемге бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген хақ. Еліміздегі дінаралық татулық пен ынтымақтастықтың жоғары тұруы көңіл қуантатыны, ұлттар арасындағы келісім мен бейбітшіліктің орнығуы барша Қазақстандықтардың болашаққа зор үмітпен қарауына негіз болатындығы осы шарада айтылды. Діннің адамзатқа берер пайдасы мол, бірақ бүгінгі күні өздерінің теріс әрекеттерін пайдаға асыру үшін дінді қолданып жүргендер де жеткілікті. Сондықтан Қазақстан аймағында тыйым салынған діни бірлестіктер, олардың мақсаттары туралы біліп жүрген де дұрыс. Олардан қалай бойымызды алшақ ұстау жөнінде айтып берді.Оқушылар өздерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша жалпы мағлұмат алып жатқандарын мәлімдеп, дін туарлы мәліметтерін айтты. Шу көлік прокурорының аға көмекшісі Б.Жиенқожаев оқушыларға өздерінің заң саласы бойынша қаншалықты жауапкершілікке тартылатыны және бұл лаңкестік мемлекетімізге жат нәрсе екенін түсіндіріп, талдап берді.Шара барысында сөз алған білім бөлімінің психолог әдіскері Сабит Снабеков Жорабайұлы агрессиялық немесе лаңкестік әрекеттерге апарып, соғатын бұл діни ағымның идеологиялық астарын аша отырып, оның қасиетті Құран Кәрім аяттарына, дәстүрлі исламның негіздеріне қайшы келетін тұстарына, негізгі принциптеріне тоқталып өздеріңіздей жастарды тура жолға бағыттау мәдениет, музей қызметкерлерінің, ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Міне бүгінгі өтіп жатырған шарада жастарымызды тура жолға бағыттаудың бірден-бір дәлелі екендігін айтып өтті. Соңынан жастарымызға жалған ағымдар жөнінде бейнероликтар көрсетіліп, бойымызды алшақ ұстауға негіз болды.Оқушылар сөз соңында тәуелсіз, зайырлы мемелекетте өмір сүріп жатқандарына мақтап ететіндерін айтып, өлең шумақтарымен жеткізді.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сейсмажаттығу

Автор: admin от 15-10-2016, 14:38, посмотрело: 244

2

Ыбырай Алтынсарин орта мектебі  

(нысан) Сейсмажаттығуды өткізу туралы

  

 

мәлімет

 

 

Жалпы жұмысшылардың саны               75 адам

Қатысқан жұмысшылардың саны            24 адам

Оның ішінде мұғалімдер саны               40 адам

 

Жалпы балалардың саны                     362  бала

Қатысқан балалардың саны                  273 бала

 

 

 

Өткізу күні                                       13-14.10.2016жыл

Өткізу уақыты сағат                            12:00 де

Шұғыл көшіріп –қондыруларын өткізілетін уақыты

                                                    2мин   47сек

 

 

Сейсмажаттығу

 

Сейсмажаттығу

 

Сейсмажаттығу

 

Сейсмажаттығу

 


 

Категория: Мектеп дәстүрі