Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткізілген онкүндіктің іс-шаралары турал

Автор: admin от 16-10-2017, 21:59, посмотрело: 66

0
МӘЛІМЕТ
    Қыркүйектің 8-і күні «Тілім менің-баға жетпес байлығым» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Тіл туралы шағын баяндама оқылып, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.
    «Ұлттарды біріктірген – ұлы тіл» тақырыбындағы суреттер көрмесін бейнелеу пәнінің мұғалімі Малдыбаев Б. ұйымдастырды.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Валимамедова Г. "Знатоки русского языка" атты ойын 8-9 сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде өткізді.
Сынып жетекщілер «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар арасында «Тіл-мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстелде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қосалиева Г. тілдің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәртебесі туралы баяндама оқыды және әр қатысушының пікірі тыңдалды.
   Қыркүйектің 14-і "Тілдің мерейі-елдің мерейі" эссе жазу байқауы өтті. Байқауда 9сынып оқушысы Касен Малика жеңімпаз атанып, аудандық байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Қыркүйектің 15-і күні «Тілдарын» тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың Тіл туралы өлеңдерді нақышына келтіре орындауын қадағалау, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін дамыту. Байқауда 9 сынып оқушысы Инаркиева Инара жеңімпаз атанып, аудандық "Тілдарын" байқауына қатысып, ІІ орын жүлдегері атанды.
    Онкүндік «Мемлекеттік тіл-менің тілім» айдарымен қорытындыланды. Іс-шараға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.


«Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткізілген онкүндіктің іс-шаралары турал


«Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткізілген онкүндіктің іс-шаралары турал


«Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткізілген онкүндіктің іс-шаралары турал

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де «Алғашқы қоңырау» білім беру салтанатты жиын туралы

Автор: admin от 16-10-2017, 21:35, посмотрело: 112

1
                                                                               МӘЛІМЕТ
Мектебімізде сағат 8.30. «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиыны болып өтті. Жиын алаңы тақырыптарға сай стендтертмен, плакаттармен, жалауша, шарлармен әсем безендірірілді және музыкалық безендіру салтанатты жиынға ерекше әр берді.Салтанатты жиында Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын ұстанған мектеп түлектері үш тілде өлең айтып өнерлерін көрсетті.Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен - патриотпын» тақырыпта сағат 1000 де бірыңғай ашық сынып сағаттары өтті. 10 – 11 сынып оқушыларына мектебіміздің директоры Г.Б.Сейдахметова «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.


Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де      «Алғашқы қоңырау» білім беру салтанатты жиын туралы

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де      «Алғашқы қоңырау» білім беру салтанатты жиын туралы


Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де      «Алғашқы қоңырау» білім беру салтанатты жиын туралы


Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де      «Алғашқы қоңырау» білім беру салтанатты жиын туралы



Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Көктем аруы - 2017» байқауы

Автор: admin от 14-04-2017, 09:47, посмотрело: 149

0

Шу қаласы,Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде

«Көктем аруы - 2017» байқауының өткізілуі туралы

МӘЛІМЕТ

 

       14 - сәуір күні «Көктем аруы - 2017» байқауы өтті.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Байқауға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Байқау 6 – бөлімнен тұрды:

 

 «Қыздарға әсемдік жарасады» (Ұлттық киім үлгісі)

 «Тегін білу, тектілік»  (Таныстыру)

 «Өнерлі өрге жүзер» (Әр ару өз өнерлерін көрсетеді)

 «Білімді мыңды жығар» (Сұрақ - жауап)

 «Кім жылдам?» (1 мин ішінде ине - жіпке бисер өткізу)

 Үй тапсырмасы: «Өзімнің сүйікті асым» (Қорғау)

Байқауды қорытындылай келгенде:

«Көктем аруы» номинациясы бойынша бас жүлдені 6 «Б» сынып оқушысы

Якубова Әлима иеленді.

І – ші орынды – 7 «А» сынып оқушысы Сайлауханқызы Клара,

ІІ –ші орын  – 6 «А» сынып оқушысы Жанат Назерке,

ІІІ – ші орын  - 5 «А» сынып оқушысы Сағат Нұршат марапатқа ие болды.

Ал, «Инабатты ару» номинациясымен Молдахан Ақбота, «Өнерлі ару» номинациясымен Қосдаулетова Ақерке марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 


 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесі

Автор: admin от 10-03-2017, 11:28, посмотрело: 110

0

Шу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде

«8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне

арналған іс - шара туралы

 мәлімет

6 наурыз күні 5 -11 сынып ұлдары ұстаз аналар мен қыздарға арнап салтанатты дәліз жасап құрметпен қарсы алды. «Ақ сүтін беріп, аялаған аналар» атты тақырыпта аналар күніне арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, уақытымен жүзеге асырылды. 9 «А», 9 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт өткізілді. Салтанатты жиын мектеп директорының құттықтау сөзімен ашылып, оқушылардың өлең – шумақтарымен, ән – би өнерімен жалғасты.     

1-11 сынып аралығында «Ана – өмір бастауы», «Әйел - отбасының шырағы», «Ана – адамзаттың тірегі», «Ана – адамзаттың ең ардақтысы, ең қымбаттысы, ең сүйкімдісі» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.

Даярлық тобының  сынып жетекшілері Калыкова Ж.Ж,  Жиенбекова Б.Н ұйымдастыруымен аналарына арналған «Әйел - отбасының шырағы» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға қатысқан аналар көңіл – күйлері көтеріліп, жақсы әсер алғандарын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«1 наурыз - Алғыс айту күні»

Автор: admin от 3-03-2017, 12:57, посмотрело: 149

2

Шу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде

«1 наурыз - Алғыс айту күнінің»  

өткізілуі туралы мәлімет

                                                                             

          Мектебімізде «Алғыс айту күнінде»  «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне, сабақ беретін мұғалімдерге және осы мектепте жұмыс істейтін  қызметкерлердің барлығына алғыс-тілектерін айтып, өз қолдарымен жасаған гүлдерін табыс етті.

 

 

           Ағылшын тілі пәні мұғалімі Шагирова Айгүл  5 сынып оқушыларымен  «Spring»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

 

 Сынып жетекшілер «Ұстазыма рахмет», «Алғысым шексіз анама!»,  «Отаныма мың алғыс» атты тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

 

 

 

            

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Сыбайлас жемқорлық болашаққа қауіп » шығарма байқауы

Автор: admin от 25-02-2017, 12:31, посмотрело: 326

0

«Сыбайлас жемқорлық болашаққа қауіп » шығарма байқауы

туралы мәлімет

 

      Мектеп директоры: Г.Б.Сейдахметова 8-11 сынып оқушыларымен  2017 жылдың 24-ші ақпан күні «Сыбайлас жемқорлық болашаққа қауіп » тақырыбында ой қозғады. Сыбайлас жемқорлық қоғам үшін де, экономика үшін де, болашақ үшін де қауіпті. Сыбайлас жемқорлық сөзінің шығу тарихына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыруда,өскелең ұрпақ,яғни оқушылармен жұмыс жүргізу маңызды рөл атқаратындығы туралы айтты.Оқушылардың бала кездерінен  жеке тұлға болып қалыптасудақазақстандық  патриотизм сыбайлас жемқорлықты қабылдамау  рухында  тәрбие беруіміз керек екенін ескертті.

8-11 сынып оқушылары ортаға өз ойларын бөлісіп,қоғам,мектеп болып жұмыс жүргізілуі  керек екені айтылды.Сонымен қатар оқушылар  мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап, оның болашақта тәрбиелік мәні зор екенін,пайдасы бар екенін ескертті.

8-11 сынып оқушыларынан «Сыбайлас жемқорлық болашаққа қауіп » тақырыбында шығарма жазылды, оқушылардың жазған жұмыстары тексеріліп, қорытыллы.Шығарманы үздік жазған оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

 

 


 

                                    

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» тақырыбында өткізілген ұлдар жиналысы

Автор: admin от 15-02-2017, 00:21, посмотрело: 619

0

«Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» тақырыбында өткізілген

ұлдар жиналысы туралы

анықтама

 

 2017 жылдың 13 ақпан  күні   «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» атты ұлдар жиналысы өткізілді.     Жиналысқа 8-10 сынып тарынан 34 оқушы қатысты. Жиналыстың мақсаты: ұлдарға  болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт- байлық, жаратушы екендігін шынайы

ұғындыр, ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру.

Жиналыс барысында ДҚТІЖО М.Нурбекова  Ұл бала тәрбиесіне қатысты баяндама оқыды

 

 

 


 


 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері »

Автор: admin от 30-01-2017, 11:51, посмотрело: 147

0

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері »  тақырыбында өтізілген дөнгелек үстел  туралы

мәлімет

 

     2017 жылдың 28 қаңтарында  9-10 сынып оқушылары арасында  «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Деннің сау болуы үшін қандай зиянды әдеттерден аулақ болу керек?» деген сұрақтан бастады. Оқушылар «Темекі, есірткі, арақ» деп жауап берді.

Дөңгелек үстел 5 бағытта жүргізілді.

Бірінші бағыт  - «Темекі шегуді тоқтату» оқушылар темекі туралы, оның құрамындағы зиянды заттар туралы айтты.

Екінші бағыт -  «Насыбайдың зияны» оқушылар насыбайдың жасалуы, оның адам ағзасына зияны туралыбейне баян көріп, өз ойларын айтты.

Үшінші бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес» арақтың ішу себептері мен ағзаға тигізетін әсерінің қандай екенін, ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізер әсері мен залалы туралы айтты.

Төртінші бағыт – «Есірткі жайында мағлұмат»есірткінің не екені, қайдан алынатыны,героин дегеннің не екіні туралы оқушылар біраз мәліметтер айтты.

        Әр бағыттың тақырыбына сай видео-роликтер көрсетілді.

 Бесінші бағыт  - «Ситуациялық жағдайлардан шыға білу» оқушыларға әр түрлі ситуатциялық жағдайлар оқылды. Оқушылар аталған ситуациялық жағдайдан қалай шығу керектігі бойынша өз ойларын айтты.

       Мектеп психологы Таткеева Ельмира «Тілек шамы» атты тренинг өтті. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, жанып тұрған шырағданды бір-біріне жылы жүректеріннен шыққан тілек айтып шеңберді айналдырып шықты

Тренингтің қорытынды бөлімінде  психолог оқушыларға сендердің өмірлерің осы жанып тұрған шырағдан сияқты жарық болып, жарқырасын деген тілегімен тренингін аяқтады.

        ЮПТ-ның инспекторы  Н.   нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы аудан көлемінде өткізіліп жатқан іс-шараға тоқтала келіп, оқушыларға нашақорлық пен есірткі бизнесінің орын алуына жол бермеу туралы оқушыларға үндеу тастады.

       Мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектибайқызы   оқушыларды зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып дөңгелек үстелді қорытындылады.

 

 

 

 

 

 


 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Жігіт сұлтаны» байқауы

Автор: admin от 28-01-2017, 11:29, посмотрело: 183

0

Мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауының

өткізілуі туралы

МӘЛІМЕТ

 

         27 – ші қаңтар күні мектебімізде «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауы өтті.   Байқаудың мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Бұл байқауға 8 – 10 сынып оқушылары қатысты. Байқау Ү – кезеңнен тұрды:

І кезең – «Сәлем – сөздің атасы» (таныстыру)

ІІ кезең – «Талантты болу - тәңірден»

(өз өнерін көрсету: ән, күй, би, мәнерлеп оқу, көрініс және т.б.)

ІІІ кезең – «Ағадан – ақыл, атадан – нақыл»

(мақал – мәтелдің жалғасын табу)

ІV кезең – «Күш білекте» (қол күресі)

V кезең – «Пародия – өнердің бір саласы»

(эстрада жұлдыздарына пародия көрсету)

 

        Барлық жігіттер өз өнерлерін ортаға салды және әділқазылардың қорытындысы бойынша «Жігіт сұлтаны – 2017» байқауының жеңімпазы 8 «Б» сынып оқушысы Мұхатаев Сағи, ІІ орынды 9 «Б» сынып оқушысы Айтуған Әділет,  ІІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Айтимов Берік, ал «Өнерлі жігіт» номинациясымен 10 сынып оқушысы  Дәрібек Дамир, «Көрікті жігіт» номинациясымен 8 «А» сынып оқушысы Сұрамаев Ернат иеленді. Барлық жігіттеріміз алдағы уақытта еліміздің мақтанышы болатын азаматтар болатындарына сенеміз. 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жаңа жыл мерекесі

Автор: admin от 5-01-2017, 04:05, посмотрело: 167

1

Шу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде

Жаңа жылға арналған  салтанатты

жиынының  өткізілуі туралы

МӘЛІМЕТ

 

Желтоқсанның 27-29 аралығында«ЭКСПО-ның жаңа жылдық алауы» тақырыбында 1-11сыныптар аралығында сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастыру барысында мерекелік іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. 27-желтоқсан күні мектепалды даярлық топтары, 2,4а,б сыныптары өтті. 28-желтоқсан күні 1, 3, 5, 6а,б сыныптары, ал 29-желтоқсан күні 7, 8, 9, 10, 11 сыныптары өтті. Жаңа жылда жоғарғы сынып оқушылары аяз ата, ақшақар және әр түрлі кейіпкерлердің рөлін сомдады. «Жас Ұлан» ұйымының Жаңа жыл шыршасына белсенділік танытқан жасұландықтарға алғысы шексіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі