Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп конференциясы. » Страница 7 » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп конференциясы.
18
қараша
2016

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп конференциясы.

                                                  Мәлімет

    Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төңген қауіп» атты 8 – 11 сынып оқушыларының арасында конференция ұйымдастырылыды. Конференцияға қалалық  мешіттің имамы Нармуханов Бақтияр Жомартұлы, Шу көлік прокурорының аға көмекшісі Б.Жиенқожаев , аудандық білім бөлімінің тарих пәні бойынша әдіскері Садығулова К.М, аудандық білім бөлімінің психолог әдіскері С.Ж.Снабековжәне мектебіміздің мұғалімдері қатысты. Діннің адам мен қоғамға келтіретін пайдасын сезініп, білгеннен кейін, қоғамдағы қазіргідей шиеленіскен жағдайды шешу үшін қасиетті дінімізге мойын бұра бастағанымыз бәрімізге аян. Кеңес үкіметі тұсында атеистік сеніммен тәрбие алған аға буын өкілдерінің де, олардың ұрпақтары біздердің де дін туралы сауатымыздың ең төменгі деңгейде екендігін де жасыра алмаймыз. Сол себепті мектебімізде діни сауаттылығымызды арттыру мақсатында ұйымдастырылған конференцияны ең алдымен «Зайырлылық және дінтану негіздері»  пәнінің мұғалімі Сембекова А.Е. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында » атты кітабындағы мына бір сөзінде «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз- ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғанын ашщы да болса шындық» деген сөзінен бастады. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін, бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін және діни мәдениет негіздерін танып, білсін деген мақсатпен қазіргі кезде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы мектеп бағдарламасына енгізілгені жастарымызды жат ағымдардан алшақтату, ислам дінімізді құрметеу, тусіндіру үшін өте қажет екендігін айтты.  Шара барысында сөз алған 8 – 11 сыныптар аралығындағы оқушылар  қазіргі кезде әрбір адамды соның ішінде жастарды күнделікті өмірде мазалайтын және жауабын табуға итермелейтін, өмір тіршілігіне бағыт – бағдар беретін сан түрлі сұрақтар мазалайды. Мысалы, Дін деген не? Неге әртүрлі аталады? Бір – бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Дін таратушылар дегеніміз кімдер, олардың мақсаты қанда? және жалпы діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында  аудандық мешіттің имамына сауал тастады. Бұл жайында аудандық мешіттің  имамы Нармуханов Бақтияр Жомартұлыислам дінінің құндылықтарын түсіндіре келе, лаңкестік әрекеттерді асыл дініміз исламмен байланыстыру, үлкен қателік. Ислам діні күллі әлемге бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген хақ. Еліміздегі дінаралық татулық пен ынтымақтастықтың жоғары тұруы көңіл қуантатыны, ұлттар арасындағы келісім мен бейбітшіліктің орнығуы барша Қазақстандықтардың болашаққа зор үмітпен қарауына негіз болатындығы осы шарада айтылды. Діннің адамзатқа берер пайдасы мол, бірақ бүгінгі күні өздерінің теріс әрекеттерін пайдаға асыру үшін дінді қолданып жүргендер де жеткілікті. Сондықтан Қазақстан аймағында тыйым салынған діни бірлестіктер, олардың мақсаттары туралы біліп жүрген де дұрыс. Олардан қалай бойымызды алшақ ұстау жөнінде айтып берді.Оқушылар өздерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша жалпы мағлұмат алып жатқандарын мәлімдеп, дін туарлы мәліметтерін айтты. Шу көлік прокурорының аға көмекшісі Б.Жиенқожаев оқушыларға өздерінің заң саласы бойынша қаншалықты жауапкершілікке тартылатыны және бұл лаңкестік мемлекетімізге жат нәрсе екенін түсіндіріп, талдап берді.Шара барысында сөз алған білім бөлімінің психолог әдіскері Сабит Снабеков Жорабайұлы агрессиялық немесе лаңкестік әрекеттерге апарып, соғатын бұл діни ағымның идеологиялық астарын аша отырып, оның қасиетті Құран Кәрім аяттарына, дәстүрлі исламның негіздеріне қайшы келетін тұстарына, негізгі принциптеріне тоқталып өздеріңіздей жастарды тура жолға бағыттау мәдениет, музей қызметкерлерінің, ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Міне бүгінгі өтіп жатырған шарада жастарымызды тура жолға бағыттаудың бірден-бір дәлелі екендігін айтып өтті. Соңынан жастарымызға жалған ағымдар жөнінде бейнероликтар көрсетіліп, бойымызды алшақ ұстауға негіз болды.Оқушылар сөз соңында тәуелсіз, зайырлы мемелекетте өмір сүріп жатқандарына мақтап ететіндерін айтып, өлең шумақтарымен жеткізді.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.

 

Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп  конференциясы.