"Балауса - 2016" жазғы сауықтыру алаңы
«Балауса-2016» жазғы сауықтыру алаңының жұмысы жайлы мәлімет
2016 жылдың 1-14 аралығында Ыбырай Алтынсарин орта мектебі жанында«Балауса-2016 » жазы сауықтыру алаңы жұмыс жасады.
1 - маусым балаларды қорғау күні болғандықтан балаларды құттықтап, олардың жамандықтан, жат қылықтан аулақ болулары керекетігі айтылды. «Қош келдің көңілді» мерекелік концертте балалар өз өнерлерін көрсетіп, мектеп психологы «Кел танысайық» тренингін жүргізіп, жұмыс ары қарай жалғасын тапты. Алаңға келген балаларды «Бәйтерек», «Балдәурен», «Айгөлек» деп аталатын үш топқа бөлдік. 10 күн аралығында мектеп жанындағы алаңда балалардың демалысын қызықты өткізу үшін әр күні түрлі іс- шаралар өтті. Спорттық эстафета, «Биле, биле, биле...» би байқауы, түрлі- түсті қағаздардан апплекация байқауы, табиғат аясына саяхаттау, концерттік бағдарламалар т.б. Балалардың күні сағат 9-00 музыка әуенімен жаттығу жасаудан басталады. Лездемеден кейін таңғы асқа барады. Таңғы астан кейін әр түрлі үйірме жұмыстарына барып уақытты текке өткізген жоқ. Алаңда «жас суретші», «Жас информатик», «Тіл үйрену», «Шебер қолдар», «Спорт», «Математика», «Жас музыкант » «Би өнері» сияқты үйірмелер жұмыс жасады. 1 маусымның жабылуына арналған «Қош бол лагерь » салтанатында балалар өз өнерлерін ортаға салды. Метеп жанындағы сауықтыру алаңының жұмысына ат салысып жүргендер бастауыш сынып мұғалімдері: Шанашбаева А.Б, Игенбаева Б.Н, Қульдибекова Ж.И тәрбиеші болып, музыка пәнінің мұғалімі-Таткеева Э.Ж, би үйірмесінің жетекшісі-Нүсіпбек Б, дене шынықтыру пән мұғалімдері : Ж. Жанысбетов пен Б.Бұғыбаев , информатика пәні мұғалімі – М.Н.Аусейтова, аға тәлімгер – А.О Ақшабаева, алаң басшысы- А.Р. Адалбекова балалардың ойынан шығып, жазғы демалыстарының көңілді, қызықты, ұмытылмастай болып өтуі үшін барлық күш-жігерлерін салды.
Алаңның ашылу салтанатын Мемлекеттік
әнұранды орындаудан бастадық
Алаңның алауын жағу
Таңертеңгілік жаттығу
Мектеп психологі әр күні түрлі-түрлі тренинг жүргізіп отырды.
«Бәйтерек тобы»
«Балдаурен тобы»
«Айгөлек тобы»
Топтардың
«Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым»
сурет байқауына салған суреттері
Спорттық эстафетада балаларға ерекше ұнады
Апплекация жасау
«Биле, биле, биле...» би байқауы
Мультфильм көру кезінде
Астана –арман қала атты концерттік бағдарлама саз мектебімен бірлесе өткізілді
Алаңның жабылуы салтанатында