04
желтоқсан
2017
«1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент» күніне арналған іс – шара
Мәлімет
2017 жылдың 27 – 30 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай іс – шаралар жоспары құрылып,бекітілді. Іс-шара жоспары бойынша кітапханашы Б.Далибаева «Ұлт көшбасшысы - Елбасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектебіміздің 10 сынып жетекшісі оқушыларымен қалалық кітапханамен бірлесіп «Елбасымымен мақтанамын» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 1 – 4 сынып аралығында ашық сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттардың мақсаты Ұлт басшысы, Елбасымыздың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. Жастардың бойындағы шығармашылық таланттарын шыңдау, зеректікке баулу, тапқырлық қабілеттерін дамыту. 5 – 11 сынып аралығында дөңгелек үстел, сынып сағаттары, интеллектуалды сайыстар және бейнероликтер көрсету арқылы Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға насихатталды. Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылар арасында «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы» тақырыбында шығарма байқауын өткізіп, мереке күніне байланысты іс – шарамыз «Ел тірегі – Елбасы» атты концертімен қорытындыланды.