16
қазан
2017
«Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткізілген онкүндіктің іс-шаралары турал
МӘЛІМЕТ
Қыркүйектің 8-і күні «Тілім менің-баға жетпес байлығым» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Тіл туралы шағын баяндама оқылып, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.«Ұлттарды біріктірген – ұлы тіл» тақырыбындағы суреттер көрмесін бейнелеу пәнінің мұғалімі Малдыбаев Б. ұйымдастырды.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Валимамедова Г. "Знатоки русского языка" атты ойын 8-9 сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде өткізді.
Сынып жетекщілер «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар арасында «Тіл-мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстелде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қосалиева Г. тілдің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәртебесі туралы баяндама оқыды және әр қатысушының пікірі тыңдалды.
Қыркүйектің 14-і "Тілдің мерейі-елдің мерейі" эссе жазу байқауы өтті. Байқауда 9сынып оқушысы Касен Малика жеңімпаз атанып, аудандық байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қыркүйектің 15-і күні «Тілдарын» тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың Тіл туралы өлеңдерді нақышына келтіре орындауын қадағалау, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін дамыту. Байқауда 9 сынып оқушысы Инаркиева Инара жеңімпаз атанып, аудандық "Тілдарын" байқауына қатысып, ІІ орын жүлдегері атанды.
Онкүндік «Мемлекеттік тіл-менің тілім» айдарымен қорытындыланды. Іс-шараға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.