«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері » » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері »
30
қаңтар
2017

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері »

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері »  тақырыбында өтізілген дөнгелек үстел  туралы

мәлімет

 

     2017 жылдың 28 қаңтарында  9-10 сынып оқушылары арасында  «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Деннің сау болуы үшін қандай зиянды әдеттерден аулақ болу керек?» деген сұрақтан бастады. Оқушылар «Темекі, есірткі, арақ» деп жауап берді.

Дөңгелек үстел 5 бағытта жүргізілді.

Бірінші бағыт  - «Темекі шегуді тоқтату» оқушылар темекі туралы, оның құрамындағы зиянды заттар туралы айтты.

Екінші бағыт -  «Насыбайдың зияны» оқушылар насыбайдың жасалуы, оның адам ағзасына зияны туралыбейне баян көріп, өз ойларын айтты.

Үшінші бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес» арақтың ішу себептері мен ағзаға тигізетін әсерінің қандай екенін, ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізер әсері мен залалы туралы айтты.

Төртінші бағыт – «Есірткі жайында мағлұмат»есірткінің не екені, қайдан алынатыны,героин дегеннің не екіні туралы оқушылар біраз мәліметтер айтты.

        Әр бағыттың тақырыбына сай видео-роликтер көрсетілді.

 Бесінші бағыт  - «Ситуациялық жағдайлардан шыға білу» оқушыларға әр түрлі ситуатциялық жағдайлар оқылды. Оқушылар аталған ситуациялық жағдайдан қалай шығу керектігі бойынша өз ойларын айтты.

       Мектеп психологы Таткеева Ельмира «Тілек шамы» атты тренинг өтті. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, жанып тұрған шырағданды бір-біріне жылы жүректеріннен шыққан тілек айтып шеңберді айналдырып шықты

Тренингтің қорытынды бөлімінде  психолог оқушыларға сендердің өмірлерің осы жанып тұрған шырағдан сияқты жарық болып, жарқырасын деген тілегімен тренингін аяқтады.

        ЮПТ-ның инспекторы  Н.   нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы аудан көлемінде өткізіліп жатқан іс-шараға тоқтала келіп, оқушыларға нашақорлық пен есірткі бизнесінің орын алуына жол бермеу туралы оқушыларға үндеу тастады.

       Мектеп директоры Сейдахметова Гүлбағила Бектибайқызы   оқушыларды зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып дөңгелек үстелді қорытындылады.