Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарих сабағының айлығы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарих сабағының айлығы
29
желтоқсан
2016

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарих сабағының айлығы

Шу қаласы  Ыбырай  Алтынсарин   атындағы  орта мектебі КММ

 2-29 желтоқсан аралығында  өткен «Елімнің  бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарих  айлығының өтілуі жайлы анықтама.

Шу қаласы  Ыбырай Алтынсарин  атындағы орта мектебі 2-29 желтоқсан аралығында  өткізілетін «Елімнің  бақытын тербеткен Тәуелсіздік » атты тарих  пәні айлығының іс –шара жоспары жасалып бекітілді.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың тарих пәніне деген  қызығушылығын  артырып , шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жоспарға сай төмендегідей  жұмыстар жүргізілді.

Желтоқсан айының 2 күні  салтанатты жиын  жасалып , апталықтың ашылуы болды.Туған елінің тарихын   білу, құрметтеу  мақсатында , оқушылар  жыр шумақтарын ортаға салды.Оқушыларға Тәуелсіздік шежіресі тақырыбында ,викториналық сұрақтар қойылды.

 

 

 

 

 

8 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, 6 «А »,7 «А»,7 «Б», 9 Б сынып оқушылармен «Тәуелсіздік құндылықтары:өткенге тағзым, болашаққа аманат»  тақырыбында конференция сабағын Сембекова Алия Ерхаханқызы өткізді.Конференция сабағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы» саясатының барысында өте тартымды өтті, оқушылар өз ойларын ашық жеткізе білді. Конференцияға қалалық кітапханашылар, Шу өңірінен тілші, мектеп кітапханашысы Далибаева Б.Б, педагог ұйымдастырушы Абдығалиева З.Р. конференцияда тақырыпқа сай дәрістер оқылды. Конференция соңында желтоқсан оқиғасына қатысып, өз көзімен көрген мектебіміздің директор жанындағы ғылыми әдістемелік орынбасары Ақшегирова Ғ.Ж. сөз сөйлеп, видеолар көрсетіліп әсерлі өтті.

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі Нұрбекова М.М.  9 желтоқсан күні 5 «Б» оқушыларымен «Қазақ хандары мен билері, батырлары» тақырыбында ашық сабақ берді.Сабақ жарыс түрінде өтілді. 

 

 

 

 

 

12 күні  пән мұғалімі  Сембекова А.Е. 9 «Б» сынып оқушыларымен «Ұлы Отан  соғыс жылдарында » ашық сабақ  берді. Ашық сабақ жаңа технологиялық құралдарды пайдалану арқылы өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі. Хусайнова Л.Е. 13 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларымен  «Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның нәтижелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақта оқушылардың барлығы,белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.

13 желтоқсан күні Тәуелсіздікке 25 жылға арналған «Тәуелсіз таңының арландары атты» Нұрбекова М.М. ұйымдастыруымен мектебіміздің ұлдары өте жақсы өнер көрсетті.

 

 

Желтоқсанның 14 күні «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша Сембекова А.Е. «Діни экстемизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төңген қауіп» атты мектеп оқушылар арасында конференция өтті. Конференцияға қалалық «Жәми» мешітінің имамының көмекшісі Б.Нұрмұханов, аудандық Шу көлік прокуратурасының аға прокуроры Б.Жанқожаев қатысып діни экстремизм мен лаңкестік әрекеттер жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды.


 

 

 

 


 Пән мұғалімі Хусаинова.Л.Е. Желтоқсан оқиғасына  30 жыл толуына арналған  «Елімнің  бақытын тербеткен Тәуелсіздік » атты тарихи - танымдық сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.

 

 

 


 

 

 Желтоқсан айының 22 күні Сембекова А.Е. 6 «Б», 7 «А», 7 «Б»  сынып оқушыларымен «Өз елімнің тарихын танып білгім келеді!»интелектуалдық сайыс сабағы өтілді.

 

 

 

    23 желтоқсан күні 8 «А», 8 «Б», сынып оқушыларымен  «Тарихты білу- парызың» тарихи танымдық  ойын сабағын өткізді.

 

 


 

Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай  «Елімнің еркіндігі  - Тәуелсіздіктің»  аттыоқушылар арасында Сембекова А.Е. дәріс оқыды.Жиынымыздың мақсаты қазақ халқының басынан кешкен қиындықтармен күрестер туралы, айта отырып , бүгінгінің жеткен жемісі, тәуелсіздік күнінің  тарихын ашып көрсету,халық қаһармандарымен таныстыру.Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұранын екенін мақтаныш пен сезіну, тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатын адал болуға, ұлтының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін, тілін сүюге баулу.

 

 

 

 

Желтоқсанның  28 күні тарих айлығымыздың жоспарланған мақсатымызға жеттіп «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты іс шарамыз концерттік бағдарлама мен аяқталды. Концертте  ата-бабамыздың арманы орындалғандығы, Тәуелсіздік ең бастық ұндылық екендігі айтылды. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп ілеміз. Осы іс-шараның ашылуы барысында Тәуелсіздік алу –қазақ  халқының басынан өткен қиыншылықтар туралы бейне ролик көрсетілді. «Желтоқсан құрбандарын еске алып, Қайрат, Ләззат, Сабира ағаларымыз бен әпкелеріміздің өлеңдерін оқыды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, еліміздің туы көкке көтеріліп, елімізді дүниежүзі танитындай деңгейге жетті. Мектеп оқушыларының орындауында тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын,- деп «Жаса Қазақстан» әнін орындады.Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп, ұлдарымыз күй жырларын ұйымдастырды. Қорытындылай келе, «Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын»- дей келе ЕскендірХасанғалиевтың сөзіне жазылған «Атамекен» әніменқ орытындыладық.

 

 


 

 

 


<!-- [endif] -->