Мектепішілік ата-аналар жиналысы 9.09.2016ж » Страница 4 » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік ата-аналар жиналысы 9.09.2016ж
09
қыркүйек
2016

Мектепішілік ата-аналар жиналысы 9.09.2016ж

 

                                                                                                                                                                                      «Бекітемін»

                                                                                                   Мектеп директор

                                                                                        ______ Г.Б.Сейдахметова

 

 

                     «Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі»

                                  атты  мектепішілік  ата - аналар  жиналысы                        

                                                                                                                  9.09.2016 .ж     

    Күн тәртібінде:

 

1.«Қауіпсіз мектеп» ,«Отбасы-бақыт мекені»  атты республикалық акция    және  апталығы .  Н.Саденова - ДТІЖО

2. «Мектеп және жанұя, балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде тең құқылы әріптестер» .  М. Нурбекова – ДҚІЖО

3. «2015-2016 оқу жылында 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беру туралы »  Ә.Адалбекова - Ұйымдастырушы педагог

4. «Мектепке жол » республикалық акциясын ұйымдастыру іс шарасы .                              Г.Қосалиева -  Әлеуметтік  педагог:

5. «Ата – аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіру, қолдау      көрсетуі».    Э Таткеева  - психолог

6. «2016 - 2017 оқу жылындағы мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы» .   Б.Далибаева - кітапханашы

 

 

                        Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

                      «Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты

                                  мектепішілік ата – аналар   жиналысы туралы   

                                                    Мәлімет.

  2016 жылғы 10 тамыздан -20 қыркүйек аралығында

   «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы,«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық      апталығы жарияланды. Осы іс-шараға қатысу үшін  мектепте мектепішілік ата – аналар   жиналысы 2016 жылдың 9 қыркүйегінде 17.00 – де өткізілді.

     Тыңдалды:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Саденова баяндамасында республикалық акцияның,республикалық апталықтың жұмыс мазмұнымен таныстырды.Осы іс – шараларға байланысты мектеп пен ата – аналардың бірлескен ынтымақтастық жұмыстары талқыланып,әсіресе, мектептің қауіпсіздігі мен отбасы жауапкершілігі түсіндірілді.

2.Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары  М.Нурбекова өз сұрағы бойынша  ата – аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,ата – анасының тәрбиелеу,оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауына қарай айыппұл төлеу  түрлерін т.б.талаптарды ата – аналармен талқылады.

3.Ұйымдастырушы педагог-Ә.Адалбекова өткен оқу жылындағы 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беруде  жоспарлы іс шаралардың  талапқа сай  орындалғаны және 11сыныптың 9 түлегімен, 9 А, Б сыныптарынан  14 оқушының колледжге  түскенін айтты.

4.Әлеуметтік  педагог - Г.Қосалиева «Мектепке жол» акциясы шеңберіндегі мектептегі  жұмыстармен таныстырып,демеушілердің игі істері туралы,акцияның әлі  де жалғасатынын және де мұқтаж жандарға көмек қолын көрсетуді сұрады.

5.Мектеп психологы - Э Таткеева бала тәрбиесінде ата – ананың балаға сенімділік білдіруі ,қолдауы, үміт артуы өте маңызды мәселе  екені туралы көптеген түсініктер берді. Бала тәрбиесінде ата – аналарға төзімділік қасиеттің жетіспей  жататынын да ескертілді.

6.мектеп кітапханашысы - Б.Далибаева  ата –аналарды жаңа оқу жылындағы  1-11сынып оқушыларының оқулықтармен қамтылу жұмыстарымен  таныстырды. Дегенмен,5 сыныптар оқулықпен 82 0/0  қамтылып отырғаны баса айтылды.

7.«Ата - ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыпта

ата-аналар - Р.Мыңбаева, А.Уркунжаева, А.Атиева, Д.Аитхожина жарыссөзге шығып,сұрақтарына жауап мағлұматтар алды.

  8.Мектеп директоры – Г.Б.Сейдахметова жиналысқа қатысып отырған ата - аналарға       әрбір отбасының мемлекеттің қорғауында екенін,отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш,құр бекер кетпейтінін, мектеп өміріндегі тәрбиелік іс – шараларға белсене қатысу өз отбасыңыздың болашағына үлес қосу.Балаларыңызға қымбат заттар, ұялы телефондар сатып алмаңыздар, мектепте жоғалтқан жағдайда  мектеп әкімшілігі жауапкершілігіне алмайды.  – деп жиналысты қорытындылады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  - Н.Саденова  жиналыстың

  шешімімен  ата-аналарды таныстырып, сол талаптарды орындауды міндеттеді.

Шешімі: 

1.Ата – аналар, мектеп ұжымы «Қауіпсіз балалақ шақ» ұранын ұстансын.Мектепішілік іс – шаралар назарға алынсын.

2.Ата –аналар балалардың құқық бұзушылықты және қылмыстық істі болдырмаудың алдын – алу шараларын жүргізсін. Мектеп пен ата –аналар бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Ата – аналарға берілген жаднама, кеңестер назарға алынсын.

3.Балалары мектепте қымбат заттар, бағалы ұялы телефондар ұстамауды ата – аналары қадағаласын,жоғалтқан жағдайда мектеп әкімшілігі жауапкершілігінен алынсын.

4. «Мектепке барар жол» республикалық акциясына ата –аналар тарапынан өз еркімен демеушілік көрсетілсін. Қайырымдылық жұмыстары жыл бойы жүргізілсін.

5.Сынып жетекшілері мен ата – аналар,мектеп психологы бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Мектеп өміріндегі іс – шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстырылсын.

 Мектепішілік ата-аналар  жиналысын ата-аналар ұжымынан «қанағаттанарлық» деп танылды, қаралған күн тәртібі мәселелеріне тиісті шешім шығарылды,анықтамалар хаттамаға тіркелді.                                                                                                                                                                 

                            Мектеп директоры:        Г.Б.Сейдахметова