Мектепішілік ата-аналар жиналысы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 2-30-68
Есепші бөлімі:
+7(72643) 2-27-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік ата-аналар жиналысы
17
мамыр
2016

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

                               Мектепішілік ата – аналар  жиналысы туралы

                                                        МӘЛІМЕТ

                                                      Тыңдалды:

 «Соңғы қоңырау»кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардың,педагогтардың,құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен ата – аналар жиналысы өтті.

   Төрайымы:  Г.Б.Сейдахметова.          Хатшы:  Н.Қ.Саденова.

           Қатысқандар: Мектепішілік ата – аналар комитетінің мүшелері:

      Г.Илиясова, М.Абдуалиева , А. Куртибаева, Р. Молдабекова,

Қ.Еркимбекова,  К.Нуридинова, Г.Көпесбаева, М.Қыдыралиева,

             К.Сагиева, Қ.Темірбекова, К.Нуридинова, М.Искакова, Ж.Нұрманова,Ұ.Сембиева, Ж.Райымкулова,Д.Айтхожина, Қ.Бисенбаева,

 А. Атиева, А.Уркунжаева,Р. Мыңбаева.

                              КДН-инспекторы: аға лейтенант  А.Асқанбаев

              Ата – аналар жиналысы 17.00 де басталды. Барлығы – 176 ата-ана қатысты.

           Күн тәртібінде:

              1.«Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің 2015-2016оқу

                жылының   аяқталуына орай құқық бұзушылықтың алдын алу»

                туралы  М.М.Нурбекова

              2.«2016 – 2017 оқу жылындағы оқушылардың 1 мезгіл тегін

                ыстық   тамақпен қамтылуы»   Н.Керімбекова.

              3. «Балаңыздың болашағы үшін зорлық көрсетуден бас тартыңыз»

               Э.Таткеева

              4. «Жазғы демалыс кезіндегі ата- аналардың жауапкершілігі»

               Ә.Адалбекова

              5.«Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп

                 формасына  қойылатын  талаптар»   Н.Саденова

              1.  ДҚІЖО М.Нурбекова «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің

          2015- 2016 оқу жылының аяқталуына орай жәнесоңғы қоңырау кезінде

        құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы баса айтып,оқушылар тарапынан ереже сақталмаған

т  жағдайда жауапкершілік ата-анадан талап етіліп айып пұл төлеу мөлшері  туралы  түсіндірді        

            2. Әлеуметтік педагог »  Н.Керімбекова.  «2016 – 2017 оқу  жылындағы оқушылардың

              1 мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы» туралы,«Жалпы білім беретін мектептердегі

         білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»

мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына қажетті құжаттар номенклатурасымен

             таныстырды.

      3. Мектеп психологы Э.Таткеева «Балаңыздың болашағы үшін зорлық   көрсетуден бас тартыңыз»атты баяндамасында ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің заң жобаларының 

жұмыстарын іске асыру жоспарының  29 –тармағына сәйкес 2004жылдың 13 – желтоқсанында

         Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен«Тұрмысты зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы аясында ата- аналармен  пікір алысты. 

               4.Ұйымдастырушы педагог: Ә.Адалбекова жазғы демалыс кезіндегі

 ат                 ата- аналардың бала күтіміне,қылығына көп шыдамдылық толеранттылық

              танытуды айтып түсіндірді

         5.ДТІЖО Н.Саденоваата- аналарды Қазақстан Республикасы Білім

       және ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтардағы № 26 бұйрығымен

 Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың

Жалпыережелерімен таныстырды. Орта білім беру ұйымдарында 

          міндетті мектеп формасына қойылатын   талаптарды орындау кезінде ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер  мектеп формасы  туралы мәселелерді талқылауға қатысыпмектеп және оны жетілдіру бойынша ұсыныс  енгізіп, оны кез келген саудажелісінен сатып алуға ақыл- кеңес алды.

   «Соңғы қоңырау»кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата аналардың,педагогтардың құқық қорғау органдарының өкілдерінің   қатысуымен өткен  мектептік ата – аналар

        жиналысы ата-аналар тарапынан  «қанағаттанарлық» деп танылды.Қаралған күн тәртібі  мәселелеріне тиісті шешім шығарылды, анықтамалар хаттамаға тіркелді.

           Шешім:

    Оқушылардың түнгі уақытта яғни сағат 22-00-ден кейін  көңіл көтеру орындарында болуына жол   берілмесін, сондай-ақ сағат 23-00-ден кейін көшеде ата-аналары немесе заңды өкілінсіз жүрмеу     ата-аналардың толық жауапкершілігіне алынсын.

1.Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп оқушыларының қала сыртына саяхатқа шықпауына  қатаң тыйым салынсын.

     2 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен   

         тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды

         ұсыну»  мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына қажеттіқұжаттар

         бойынша   ата – аналар құжаттарын уақтылы тапсырсын.

   3.Баланың болашағы үшін ата-ана балаға  зорлық  - зомбылық көрсетуден      бас тартып, түсіністікпен қарау қалыптастырылсын.

   4.Жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына  ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілсін

5.Мектепте міндетті мектеп формасымен оқушыларды  қамтамасыз ету ата -  аналар тарапынан ұйымдастырылсын.

 

 

                   Мектеп директоры:                     Г.Б.Сейдахметова