» Материалы за Сентябрь 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қауіпсіз мектеп

Автор: admin от 12-09-2018, 23:31, посмотрело: 155

2 "Қауіпсіз мектеп"акциясы

"Қауіпсіз мектеп"Республикалық акцияға мектебіміздің инспекторы Н.Асылбаев мектеп оқушыларымен жолда жүру ережесі мен "Заңды білу жарқын болашақ"тақырыбында дәріс оқыды.
12.09.2018 жылы мектебімізде ҚРІІМ"Аппаттар медицина"бөлімінің аға фельдшері Шарекенов М,Б.Б Дүйсебаева,құтқарушы К.ОСұлтанов,Д.Примкуловпен сағат 12 -00 де өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігі туралы түсіндірме сабақтары мен оқу жаттығуларын жүргізді.

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Тіл мерекесі

Автор: admin от 12-09-2018, 23:04, посмотрело: 62

0
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай "Өссе тілім менде бірге өсемін" тақырыбында өткізілген онкүндіктің
іс-шаралары туралы
МӘЛІМЕТІ
    Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін дамыту.
5 қыркүйек күні «Тіл-халық мұрасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Тіл туралы шағын баяндама оқылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ә.Е. Сембекова онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.
5-9 сыныптар арасында мектептің кітапханашысы Б.Далибаева "Тіл достықтың алтын көпірі" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Оқушыларды ақын-жазушылардың оқулықтарымен таныстырды.

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Тіл мерекесі

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Білім күні

Автор: admin от 12-09-2018, 08:21, посмотрело: 41

0 «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» салтанатты жиынының анықтамасы

«Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» атты 1-қыркүйек білім күні мерекесін өткізді.Білім күні 1-4 сыныптар"Мен өз елімнің патриотымын",5-7 сыныптар"Астана менің жүрегім",8-9сыныптар "Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі",10-11 сыныптар "Рухани жаңғыру -жаңарудың жаңа кезеңі"сынып сағаттарымен жалғасты.

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Конференция

Автор: admin от 12-09-2018, 08:08, посмотрело: 245

3

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
2018 жылдың 8-9 қыркүйек күндері «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты тақырыбында 1,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарына өткізілген конференция туралы МӘЛІМЕТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ағымдағы қыркүйек-қазан айларында балалардырухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналар қоғамдастықтарының қатысуын белсендіру мақсатында,балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; отбасылық құндылықтардыарттыру және нығайту; кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың,құқық бұзушылықтың, деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу мәселелері бойынша мектебімізде 8-9 қыркүйек күні сағат 10.00-де 1және 10,11 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен конференция өткізілді.Ата-аналарды тіркеу журналына тіркетіп, қолдырына сауалнамалар мен жаднамалар таратылып берілді. Конференцияға келген қонақтар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Өзбекова Мария Өзбековна және ата-аналар комитетінің төрайымы Тұрлықожаева Бағдагүл Әлдибаевна қатысты.
Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен мектебіміздің директоры Г.Б.Сейдахметова таныстырды.Мектеп психологтары Г.Н.Джанибекова және Е.Ж.Таткеева конференцияның бағдарламасымен жеке-жеке таныстырып, жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, дайындаған бейнероликтер де қамтылды. Конференсия соңында ата-аналар сауалнаманы толтырып, қосымша өз сұрақтарын қойды.

Конференция

Конференция

Конференция

Конференция


Категория: Мерекелік іс-шаралар