» Материалы за Май 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жалпы ұлттық ата – аналар жиналысы

Автор: admin от 15-05-2017, 04:32, посмотрело: 8044

300

12 мамыр 2017 жылы сағат 18:30-да жалпы ұлттық ата – аналар

жиналысының өткізілгені  туралы мәлімет

 

       Жалпы жиналысына  1 – 11 сыныптың  200 ата – анасы қатыстырылды.  Күн тәртібінде мына мәселелерді қойдық.

1.Қамқоршылық кеңесінің қызметі, демеушіліктер және қайырымдылық.

2. Жаңартылған білім беру мазмұны не үшін қажет?

3.Жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс – шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша мектебіміздің әлеуметтік педагогы   Қосалиева Г.С. қамқоршылық кеңестің туралы жалпы ережені және оның негізгі мақсаты мен міндеттерін анық түсіндірді. 2016-2017 оқу  жылына «Қамқоршылық  кеңесінің» құрамына  кеңес  төрайымы : мектеп директоры, ДТІЖО, мектеп пихологы, әлеуметтік педагог және  мектеп инспекторы сайланып, іс-шара  жоспары  бекітілгені туралы айтты. Жоспар  бойынша төмендегі  жұмыстар  атқарылғанын айтты.  2016 жылдың 31 шілде күні «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру  және өткізу  жөніндегі іс-шаралар жоспары  бекітілді. «Балаларға  бірге  көмек  берейік!»  атты ұранмен қайырымдылық акциясы екі ай шеңберінде  өткізілді. Көмекке мұқтаж  27  аз қамтылған және көпбалалы, жетім  балалар тізімі  анықталды. «Мектепке жол» республикалық акция барысында мектебіміздің жетім және  аз қамтылған отбасы  балаларына  демеушілік  көрсетілді.

Екінші мәселе бойынша мектебіміздің директоры  Г.Б.Сейдахметова сөз сөйледі. Жаңа білім беру мазмұнының ерекшеліктер мен маңыздылығын айтты. Жаңа білім беру маңыздылығы қазіргі заман талабына сай екенін түсіндіріп өтті.

Үшінші мәселе бойынша оқу ісі жөніндегні орынбасары А.С.Арысбаева ҰБТ – ның жаңа форматын және бағалау шкаласындағы өзгерістерді көрсетті.

Жарыссөзге Нұрбекова Мөлдір, Адилова Жанриза, Чукеев Самат,

Жарылқапов Сайлаухан  ата – аналарымыз  шықты. Ол кісілер қазіргі болып жатқан жаңартылған білім мазмұнының маңыздылығының ерекшеліктерін қазіргі қоғам талабы екендігін айтып қолдап отырғанын білдірді.

Жиналыста күн тәртібіндегі жоспарланған іс- шаралар өз деңгейінде өтті.

 

 

Мектеп  директоры:           Сейдахметова Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Категория: Ата-аналарға