» Материалы за Сентябрь 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ашық сабақ

Автор: admin от 23-09-2016, 14:01, посмотрело: 91

0
   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махажанова Гүлназдың 6 "А"және 9 "Б" сыныптарымен Тілдер мерекесіне өткізген ашық сабағы.Ашық сабаққа 6 "А"сыныбынан 12 оқушы және 9 "Б" сыныбынан 14 оқушы қатысты.Оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып,мақал - мәтелдер айтты. 9 "Б" сыныбы"Тілімізді қадірлейік"атты көрініс қойды.

 

 

 

 

 

 

 

 


Категория: Галерея

 

Қоңырау кестесі

Автор: admin от 20-09-2016, 17:26, посмотрело: 99

0

Көшіру oyrau-kestes.doc [52,5 Kb] (cкачиваний: 2)

 

Категория: Оқушыларға

 

Сабақ кестесі 2016-2017 оқу жылы

Автор: admin от 20-09-2016, 17:17, посмотрело: 151

0

Көшіруsaba-kestes-2016-17.doc [286,5 Kb] (cкачиваний: 5)

 

Категория: Оқушыларға

 

Мұғалімдердің сапалық құрамы. 2016-2017 оқу жылы

Автор: admin от 13-09-2016, 10:54, посмотрело: 184

0

Мұғалімдердің сапалық құрамы

2016-2017 оқу жылы

 

Қазақ тілі бірлестігі

Жоғары санатты- 3
Бірінші санатты-0
Екінші санатты-3

Санаты жоқ-1
Білімі:
Жоғары – 7
Аяқталмаған жоғары -0
Арнаулы орта  -0

 

Мұғалімдердің сапалық құрамы.  2016-2017  оқу жылы

 

 

 


 

Бастауыш сынып бірлестігі

Жоғары санатты- 3
Бірінші санатты-
Екінші санатты- 6

Санаты жоқ- 1

Білімі:
Жоғары –8

Аяқталмаған жоғары- 1
Арнаулы орта- 1

 


Мұғалімдердің сапалық құрамы.  2016-2017  оқу жылы

 


 

Жаратылыстану  бірлестігі
Жоғары санатты- 3
Бірінші санатты- 1
Екінші санатты-

Санаты жоқ- 1

Білімі:
Жоғары – 5

Аяқталмаған жоғары-0
Арнаулы орта-0


Мұғалімдердің сапалық құрамы.  2016-2017  оқу жылы

 

 

Шет тілі  бірлестігі

Жоғары санатты- 2
Бірінші санатты- 2
Екінші санатты-0

Санаты жоқ- 1
Білімі:
Жоғары – 5

Аяқталмаған жоғары-0
Арнаулы орта-0

 



Мұғалімдердің сапалық құрамы.  2016-2017  оқу жылы

 

 


Математика, физика, информатика пәндер бірлестігі

Жоғары санатты- 1
Бірінші санатты- 3
Екінші санатты- 1

Санаты жоқ -0
Білімі:
Жоғары – 5
Аяқталмаған жоғары-0
Арнаулы орта-0

 


 

Мұғалімдердің сапалық құрамы.  2016-2017  оқу жылы

 


 

Эстетикалық пән бірлестігі

Жоғары санатты- 1
Бірінші санатты-  2
Екінші санатты-  2

Санаты жоқ-  5
Білімі:
Жоғары – 9
Аяқталмаған жоғары-0
Арнаулы орта-  1


 

Мұғалімдердің сапалық құрамы.  2016-2017  оқу жылы

 



 

Категория: Мұғалімдер

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

Автор: admin от 12-09-2016, 12:17, посмотрело: 174

1

Мектеп әкімшілігі:

 

1.Мектеп директоры  -  Г.Б.Сейдахметова

2.Оқу ісінің орынбасары – А.С. Арысбаева

3. Ғылыми -әдістемелік орынбасары – Ғ.Ж. Ақшегірова

4. Тәрбие ісінің орынбасары – Ә.Е.Сембекова

5. Құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары – М.М.Нұрбекова

6. Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар – А.Кушкинбаева

7. Кәсіподақ ұйымының төрайымы – Ж.С.Басжанова

8. Психолог –Э.Ж.Таткеева

9. Тәлімгер – А.Ақшабаева

10. Педагог ұйымдастырушы – Қ.Т.Досыгулова

11.Әлеуметтік педагог – Г.С.Қосалиева

12. БӘД ұйымдастырушы – Б.А. Жапабаев

13. Мед.бике – Б.Д.Башегова

14. Кітапханашы – Б.М. Далибаева

 

Мектеп директоры  -  Сейдахметова Гүлбағила Бектібайқызы. Жоғары санатты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

  

Директордың  оқу ісі жөніндегі  орынбасары – Арысбаева Айнаш Сатарқұлқызы.  Жоғары санатты. Биология пәнінің мұғалімі .

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

Директордың Ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Ақшегірова Ғалия Жаңқашқызы. Жоғары санатты. Химия пәнінің  мұғалімі.

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Сембекова Әлия Ерзахановна

 

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

 


 

Директордың  құқықтық- тәрбие жөніндегі орынбасары – Нұрбекова МөлдірМиатқұлқызы. ІІ санатты. Тарих пәнінің мұғалімі.

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар –  Кушкинбаева  Ақбота.

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

Кәсіподақ ұйымының төрайымы – Басжанова  Жаннұр   Сейлханқызы.  ІІ санатты технология пәнінің мұғалімі.

 

 

Тәлімгер – Ақшабаева  Анар  Оразханқызы

Психолог - Таткеева Эльмира Жүзжасарқызы – ІІ санатты. Музыка пәнінің мұғалімі. 

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы


Педагог ұйымдастырушы – Досыгулова Құралай Турдыкуловна.  

 

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

 


 

 

Әлеуметтік педагог – Қосалиева  Гүлнұр  Серікбайқызы. ІІ санатты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

БӘД ұйымдастырушы – Жапабаев Бахыт Алмаханұлы

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы


Мед.бике –Башегова  Бейбіткүл Дарханқызы

 

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы


Кітапханашы – Далибаева  Бибігүл Мананқызы

Мектеп әкімшілігі. 2016-2017 оқу жылы

 

 

Категория: Әкімшілік

 

Мектепішілік ата-аналар жиналысы 9.09.2016ж

Автор: admin от 9-09-2016, 12:33, посмотрело: 4639

157

 

                                                                                                                                                                                      «Бекітемін»

                                                                                                   Мектеп директор

                                                                                        ______ Г.Б.Сейдахметова

 

 

                     «Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі»

                                  атты  мектепішілік  ата - аналар  жиналысы                        

                                                                                                                  9.09.2016 .ж     

    Күн тәртібінде:

 

1.«Қауіпсіз мектеп» ,«Отбасы-бақыт мекені»  атты республикалық акция    және  апталығы .  Н.Саденова - ДТІЖО

2. «Мектеп және жанұя, балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде тең құқылы әріптестер» .  М. Нурбекова – ДҚІЖО

3. «2015-2016 оқу жылында 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беру туралы »  Ә.Адалбекова - Ұйымдастырушы педагог

4. «Мектепке жол » республикалық акциясын ұйымдастыру іс шарасы .                              Г.Қосалиева -  Әлеуметтік  педагог:

5. «Ата – аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіру, қолдау      көрсетуі».    Э Таткеева  - психолог

6. «2016 - 2017 оқу жылындағы мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы» .   Б.Далибаева - кітапханашы

 

 

                        Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

                      «Ата – ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты

                                  мектепішілік ата – аналар   жиналысы туралы   

                                                    Мәлімет.

  2016 жылғы 10 тамыздан -20 қыркүйек аралығында

   «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы,«Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық      апталығы жарияланды. Осы іс-шараға қатысу үшін  мектепте мектепішілік ата – аналар   жиналысы 2016 жылдың 9 қыркүйегінде 17.00 – де өткізілді.

     Тыңдалды:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Саденова баяндамасында республикалық акцияның,республикалық апталықтың жұмыс мазмұнымен таныстырды.Осы іс – шараларға байланысты мектеп пен ата – аналардың бірлескен ынтымақтастық жұмыстары талқыланып,әсіресе, мектептің қауіпсіздігі мен отбасы жауапкершілігі түсіндірілді.

2.Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары  М.Нурбекова өз сұрағы бойынша  ата – аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,ата – анасының тәрбиелеу,оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауына қарай айыппұл төлеу  түрлерін т.б.талаптарды ата – аналармен талқылады.

3.Ұйымдастырушы педагог-Ә.Адалбекова өткен оқу жылындағы 9 – 11 сыныптардың оқушыларына кәсіптік бағдар беруде  жоспарлы іс шаралардың  талапқа сай  орындалғаны және 11сыныптың 9 түлегімен, 9 А, Б сыныптарынан  14 оқушының колледжге  түскенін айтты.

4.Әлеуметтік  педагог - Г.Қосалиева «Мектепке жол» акциясы шеңберіндегі мектептегі  жұмыстармен таныстырып,демеушілердің игі істері туралы,акцияның әлі  де жалғасатынын және де мұқтаж жандарға көмек қолын көрсетуді сұрады.

5.Мектеп психологы - Э Таткеева бала тәрбиесінде ата – ананың балаға сенімділік білдіруі ,қолдауы, үміт артуы өте маңызды мәселе  екені туралы көптеген түсініктер берді. Бала тәрбиесінде ата – аналарға төзімділік қасиеттің жетіспей  жататынын да ескертілді.

6.мектеп кітапханашысы - Б.Далибаева  ата –аналарды жаңа оқу жылындағы  1-11сынып оқушыларының оқулықтармен қамтылу жұмыстарымен  таныстырды. Дегенмен,5 сыныптар оқулықпен 82 0/0  қамтылып отырғаны баса айтылды.

7.«Ата - ана,ұстаз махаббаты – оның бала тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыпта

ата-аналар - Р.Мыңбаева, А.Уркунжаева, А.Атиева, Д.Аитхожина жарыссөзге шығып,сұрақтарына жауап мағлұматтар алды.

  8.Мектеп директоры – Г.Б.Сейдахметова жиналысқа қатысып отырған ата - аналарға       әрбір отбасының мемлекеттің қорғауында екенін,отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш,құр бекер кетпейтінін, мектеп өміріндегі тәрбиелік іс – шараларға белсене қатысу өз отбасыңыздың болашағына үлес қосу.Балаларыңызға қымбат заттар, ұялы телефондар сатып алмаңыздар, мектепте жоғалтқан жағдайда  мектеп әкімшілігі жауапкершілігіне алмайды.  – деп жиналысты қорытындылады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  - Н.Саденова  жиналыстың

  шешімімен  ата-аналарды таныстырып, сол талаптарды орындауды міндеттеді.

Шешімі: 

1.Ата – аналар, мектеп ұжымы «Қауіпсіз балалақ шақ» ұранын ұстансын.Мектепішілік іс – шаралар назарға алынсын.

2.Ата –аналар балалардың құқық бұзушылықты және қылмыстық істі болдырмаудың алдын – алу шараларын жүргізсін. Мектеп пен ата –аналар бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Ата – аналарға берілген жаднама, кеңестер назарға алынсын.

3.Балалары мектепте қымбат заттар, бағалы ұялы телефондар ұстамауды ата – аналары қадағаласын,жоғалтқан жағдайда мектеп әкімшілігі жауапкершілігінен алынсын.

4. «Мектепке барар жол» республикалық акциясына ата –аналар тарапынан өз еркімен демеушілік көрсетілсін. Қайырымдылық жұмыстары жыл бойы жүргізілсін.

5.Сынып жетекшілері мен ата – аналар,мектеп психологы бала тәрбиесінде тығыз байланыста болсын. Мектеп өміріндегі іс – шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстырылсын.

 Мектепішілік ата-аналар  жиналысын ата-аналар ұжымынан «қанағаттанарлық» деп танылды, қаралған күн тәртібі мәселелеріне тиісті шешім шығарылды,анықтамалар хаттамаға тіркелді.                                                                                                                                                                 

                            Мектеп директоры:        Г.Б.Сейдахметова            

Категория: Ата-аналарға

 

2015-2016 оқу жылындағы мектептегі жетістіктері

Автор: admin от 5-09-2016, 15:03, посмотрело: 120

1

                                Ұстаздардың жетістіктері

 Шәкіттерді тәрбиелеумен қатар өздерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау мақсатында ұстаздарымыз көптеген байқауларға қатысып түрлі деңгейлерде жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, 2015-2016 оқу  жылы Халықаралық «Пони»(Пойми! Открой! Найдй! Исследуй)  Халықаралық  байқауының жеңімпаздарын  дайындағаны   үшін дипломмен марапатталды: 2 мұғалім

1.Ахметова Айнұр
2.Қожамқұлова Замира

Республикалық: 1.Қожамқұлова Замира Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ТЭТРА» білім беру орталығының құрмет громатасын алды

Облыстық: 2

1. Облыстық :Құрмет грамотасы Арысбаева Айнаш Сатарқұлқызы «Өсімдіктер  әлемі» оқу-әдістемелік кешенін  жүзеге асыруға үлес  қосқаны үшін марапатталды

Аудандық: 

1. Алатаева Рахима Бейсенбіқызы «Үздік педгог-2016» байқауында жүлделі ІІІорынды  иеленді.                                                                                                               2.«Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі қосқан үлесі  үшін қазақ  тілі мен әдебиті пәні мұғалімі Махажанова Гүлназ Байралықызы мен ағылшын   тілі  пәні мұғалімі көбегнова Рахия Сейсенбиевна мадақтамамен марапатталды.

3.Аудандық «Ең-үздік өзін-өзі тану педагогі» мұғалімдерінің арасында өткен байқауында Нурманова Алтынай жүлделі ІІ орынды иеленді

4.Аудандық «Ең үздік дінтану» байқауынан Хусайнова Лайла Есентайқызы жүлделі ІІІорынды иеленді.                                                                                                              5.Аудандық «Дарынды  балаға- талантты ұстаз » оллимпиадасында  жүлделі І орынды иеленген тарих пәнінің мұғалімі Адалбекова Асем Рустемқызы.

6.«ЖОКТОО» Шу  аудандық  филиалы ДОСААФ-тың   құрылғанына 89 жыл   және РҚБ «Отан»-ға 10 жыл  толуына  арналған әскери-спорттық  жарыста  пневматикалық мылтықпен  атудан ІІорын  иеленгені үшін  Джапабаев Бахыт

7. Республикалық «Бір  ел-бір кітап» акциясы  аясында  өткізілген «Дулат  поэзиясында тәуелсіздік  сарындары» атты  поэзия кешіне қатысып  ат салысқаны үшін марапатталады Базаркелдиева Ж.З

8. «ЖОКТОО» Шу  аудандық  филиалы ДОСААФ-тың   құрылғанына 89 жыл   және РҚБ «Отан»-ға 10 жыл  толуына  арналған әскери-спорттық  жарыста ОЗК  мен противогазды  киінуде  ІІІорын иеленгені  үшін Джапабаев Бахыт марапатталды.

9.Жастарға  әскери-патриоттық  тәрбие беруде және   2015 жылдың көктемгі  мерзімінде әскери қызметке шақыру кезінде  көрсеткен  еңбегі мен қызметтік  міндеттерін  адал атқарған  үшін Джапабаев Бахыт марапатталады.

10. Аудандық  олимпиададан оқушысы Іорынды  иеленгені  үшін грамотамен  Нұрманова Алтынай марапатталды .Осы  биылғы  2015-2016 оқу жылындағы атқарған жұмыстарын  нәтижесін  сараптай келіп  төмендегі  мұғалімдерді аудандық, мектепішілік  грамотаға    ұсындық:              Аудандыққа : 2 мұғалім

1.Ағылшын  пәні  мұғалімі –Р.С.Көбегенова

2.Қазақ  тілі мен әдебиті  пәні мұғалімі-Г.Б Махажанова

Мектепішілікке:4 мұғалім

1.Математика пәні  мұғалімі-З.А Қожамқұлова

2.Бастауыш сынып  мұғалімі-Г.А Итжанова

3.Денешынықтыру  пәні  мұғалімі-Ж.Қ.Жанысбетов

4.АӘД пәні мұғалімі  Б.Джапабаев                                                                                                        Шығармашылық топтың атқарған  жұмысы

       Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте 2014-2015оқу жылында «Қабілет» шығармашылық тобы құрылып,осы оқу жылына жоспар жасалып бекітілді. Топтың тақырыбы: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып,оқушының шығармашылық қабілетін арттыру».  Шығармашылық топта төмендегі мұғалімдер жұмыс жасайды. Хусайнова Л. А. Аусейтова М. АхметоваА. Нұрбекова М.  Бұлтбаева Г. Шанашбаева А. Нурманова А.  Игенбаева Б. Бұл мұғалімдер жоспар бойынша жұмыс жасады.  Жекелей айтар болсақ  Бұлтбаева Г. ҰБТ сапасын арттыру туралы өз тәжірбиесімен бөлісті.

Нұрбекова Мөлдір 2015 жылы 14-18 желтоқсан аралығында «Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ –ға дайындау әдістері. Тарих пәнінен білім берудегі жаңа бағыттар» атты курстан өтті.   Аусейтова М ІІ деңгей бойынша «Ақпаратты іздеу, жазу, сақтау»  атты ашық сабағын көрсетті.  Игенбаева Бұлбұл «Астана – бас қала, Еліміздің картасы» , «Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу» атты  ашық сабақтарын көрсетті.  Нурманова Алтынай аудандық олимпиадаға  8 «Б» сынып оқушысы Шералы Айжанды қатыстырып І орынға иеленді.  Оқушысы І орын алғаны үшін Нурманова Алтынайда мараппатталды.

     Сонымен қатар үш айлық деңгейлік курстарды оқып келген мұғалімдер Ахметова .А. Сонымен бірге «Болашақ»ғылыми практикалық психологиялық орталықтың ұйымдастыруымен заманауи білім беру үлгісін жетілдіру сертификатын алды.

Сол сиақты Ахметова Айнұр облыстық «Білім КZ» журналына «Үйшік»тақырыбында ашық сабағын жарияалады. Топ мүшелері бір кісідей қоғамдық жұмыстарға қатысып отырады. Алдағы оқу жылында кеткен кемшіліктер толықтырылады деп сенемін

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп

 

1-қыркүйек Білім күні. "Мен өз елімнің патриотымын!" білім беру тәрбие сабағы

Автор: admin от 2-09-2016, 11:30, посмотрело: 1341

0

1-қыркүйек  Білім күні. "Мен өз елімнің патриотымын!" білім беру тәрбие сабағы

 

1-қыркүйек  Білім күні. "Мен өз елімнің патриотымын!" білім беру тәрбие сабағы

 

Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ-де

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде өткізілген «Мен өз елімнің патриотымын!»

білім беру тәрбие сабағы туралы                       

Мәлімет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы» күніне арналған бірыңғай ашық сабақтары 2016 жылдың 1кыркүйек күні сағат 1000  -де басталды. 1-11сыныптар аралығындағы 20 сынып комплекті бойынша  өткізілетін ашық тәрбие сағатының кестесі  алдын – ала түзіліп, ашық сабақ жоспары тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Қ.Саденова тексеріп, мектеп директоры Г.Б.Сейдахметова бекітті.Сынып сағаттарының өтілу барысын бақылау мақсатында әр сыныпқа пән мұғалімдерінен құралған  20 уәкіл бекітілді.                          

Олар:

 

Сыныбы

Сынып жетекшінің

аты-жөні

Өтілетін орыны

Қатысатын мұғалімнің

аты-жөні

1

1-4

Бастауыш  сынып

мұғалімдері

Акт залы

Орманалиева К.А.

.

2

5 а

Нурбекова Мөлдір

№10    кабинет

Джанпеисова К

3

5 б.

Абешбаева Ә

№14  кабинет

 Ақшегирова Ғ.Ж.

4

6 а

Хусайнова Ләйлә

№ 16 кабинет

Акшабаева А.

5

6 б

 Джанибекова Г

№ 15   кабинет

Наурызбаев Ғ

6

7 а

Сембекова Әлия

№ 22 кабинет

Джапабаев Б

7

Алатаева Рахима

№18 кабинет

Валимамедова Г.

8

8 а

Басжанова Жаннұр

№ 11   кабинет

 Ахаева А.Х

9

8 б

Нұрманова Алтынай

№ 5 кабинет

Адалбекова Ә

11

 9 а

Қожамқұлова  Замира

№ 15 кабинет

Саденова Н.Қ.

12

9 б

Бұлтбаева Гүлбаршын

№ 20 кабинет

 Жанысбетов Ж

13

10 а

Махажанова Гулназ

№ 13 кабинет

Сейдахметова Г.Б.

10

11а

Бекбосынова Галина

№ 19 кабинет

Мухамеджанова Ш.

 

сынып сағаттарына қатысып анықтамаларын жазды.Атап айтсақ ; Бастауыш  1-4 сыныптарының тәрбие сағаты мектептің  акт залында  өтті.Оған 150 оқушы  қатысты.Сабақ барысын бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі К.А.Орманалиева бақылады.Бастауыш сыныптардың білім күні өткен сабағы  «жақсы » -деп бағаланды.

 


Орта және жоғарғы буын сыныптарында өткен тәрбие сағаттары даталапқа сай, тақырып мазмұнын ашатын ,жоспарлаған мақсатына жеткен сабақтар болды. Атап айтсақ, 5 "а" Нурбекова М, 6 "а" Хусайнова Л, 7"а"  Сембекова А, 8"а" Басжанова Ж, 9 "а" Қожамқұлова Замираның сабақтарында көрнекілікке Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың портреті, мемлекеттік Рәміздер, Астана қаласының сәулет ескерткіштері, РИО  олимпиадасының жеңімпаздарының суреттері,оқушыны ұлтжандылыққа, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін буклеттерге бай болды.


 

 

 

 

 

 


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп атауы

Автор: admin от 1-09-2016, 15:48, посмотрело: 146

2

Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігінің білім бөлімінің

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»коммуналдық

мемлекеттік мекемесі (Шу қаласы).

       Мектептің  І ғимараты  1938 жылы 24 қазанда қолданысқа беріліп, ІІ ғимараты 1987 жылы тұрғызылған.Мектеп блокты,кірпіштен салынған және орталық жылуға қосылған.             Мектеп ғимаратының типі -типтік, мектеп типі - қалалық. Мектептің жалпы ауданы - 3737,52 кв.м, пайдалану алаңы -1704,49 кв.м.Сынып бөлмелері- оқу кабинеті мен лабараторияны қосқанда-27, олардың жалпы көлемі 1782 кв.м. Мектепте оқыту  қазақ тілінде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 650 оқушыға арналған.

 

 

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 1-09-2016, 15:41, посмотрело: 127

0

Мектеп тарихы

      Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің іргетасы 1938 жала № 62 мектеп болып қаланып,бүгінде қабырғасынан талай өрендерін ұшырған киелі ордаға айналып отыр. Мектептің тұңғыш түлектері

М. Әлшекенов,С. Аққозиев,О.Ұнтақов,Х. Ақаеев,Н. Шолтабаевтар есімі мен алғашқы ұстаздар Н.Сүлейменов, Ж.Тыналин  К.Қалықов, Т.Омарбеков,О.Өскенбаев есімдері тарих беттерінде,мектеп негізін қалаушылар ретінде мәңгілікке қатталып қалуда.№ 62 орта мектебі 1960-1970 жылдары

№ 308 орта мектебі болып аталады. Ал 1970-1980 жылдары № 34 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі болып аталады.1987 жылы  мектепке қосымша ғимарат қосылып кеңейтілді.1989 жылы мектептің 50 жылдығы тойланды.1990 жылы Ыбырай Алтынсарин аты берілген болатын.1998 жылы 24- қазан күні мектептің 60 жылдық мерейтойы тойланып,содан бері«24- қазан мектеп күні » ретінде жыл сайын аталып өтуде.1994 жылы мектеп-гимназия болды.1998 жылы «Шоғырландырып қарқынды оқыту жұйесі » бойынша Республикалық  эксперименттік  алаң мәртебесін алды.Мектепті көптеген басшылар басқарды.

     Мектеп директорлары:

                  

   1 Ж.Тыналин  -  1938-1939ж.ж

   2 Жуматаев Ж - 1939-1940ж.ж

   3 Сулейменов А -1940 -1941 ж.ж

    4 Салақов А -1941-1945 ж.ж

   5 Саламатов Қ -1945 -1948 ж.ж

   6 Саттыбаев Қ -1948-1952 ж.ж

   7 Нуржумин Қ  -1952-1954 ж.ж

   8 Жунисов Н.С -1954-1959 ж.ж

   9 Токеев А - 1959-1968 ж.ж

  10 Утебалиева Ә -1968-1972ж.ж   

  11 Бейсетбаев А.Н – 1972-1986 ж.ж

  12 Иманбердиев Д -1986-1987 ж.ж

  13 Абдығалиев Қ  -1987-2003 ж.ж

  14 Жинақбаева М.Қ -2003-2005 ж.ж

  15 Жаппасбаева Ұ.Ж -2005-2008 ж.ж

  16 Қанайқұлов Б.О -2008-2010 ж.ж

  17 Жангарашева А.Т -2010-2011 ж.ж

  18 Естаева А.Т -2011-2012 ж.ж

  19 Сейдахметова Г.Б -2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін басшылық етуде.

    Ұзақ  уақыттың тарих жолында ментеп табалдырығынан сан мыңдаған азамат білім алып,еліміздің әр саласында қызмет етуде. Мектеп ұжымында жоғары санатты,білікті де,білімді ұстаздар баршылық.Олардың әрқайсысы өз маманына сай еңбек етіп,ұрпақ үшін, болашақ үщін тер төгіп, еңбек етуде.

 

 

 

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед